Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ана керек о адамдар ана керек адамға, Анасыздар аң секілді күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық да дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы, - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай, шексіз мейіріммен, дүниеге келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір сыйлаған асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі ол – Ана. Анаға деген махаббат ештеңемен алмастыруға болмайтын, сөзбен жеткізе алмайтын ерекше пәк сезім. Ананы құрметтеп, алақанға аялап жүру әрбір пенденің ана алдындағы перзенттік парызы. Алайда, бүгінгі таңда аналарының қадіріне жете алмай жүрген жандарды көргенде еріксіз қынжыласың. Біз бар ықыласымызбен аналарды ренжітпеуге, керісінше қуантуға тырысуымыз керек. Мен өз анамды құрметтеймін. Анамның мақтанышы болуға барымды саламын. Адамдар, бауырлар Ананы қастерлеңдер! Ананы аялаңдар! Өз анасын сыйлап ардақтап, қадіріне жете алмаған адам, елінің де, дінінің де, тілінің де қадіріне жетпейді. Өмірдегі барлық дүние тек ананың алақанынан бастау алады. Қазақтың ақ жаулықты аналары перзенттеріңіздің қуанышына ортақтасып, немерелеріңіздің қызығына тамсанып, бақыттың базарында ғұмыр кешіңіздер. Өз анама қандай бақыт тілесем, барша қазақ аналарына соны тілеймін.
Толығырақ: http://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24297/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Не нашли ответ?
Похожие вопросы