Сочинение на тему Кокшетау на казахском языке. Только не через переводчик.

Сочинение на тему Кокшетау на казахском языке. Только не через переводчик.
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты,Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдері орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері –16 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230 – 400 мм.  Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі: солтүстігінде – Көкше, Бура, Жеке батыр, оңтүстігінде – Айыртөбе, Шортан шоқылары бар.  Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы – 420,0 км2.  Қылшықты өзені осы таудан бастау алады. Тау беткейлерінде қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы