Сочинение на тему салемдесу

Сочинение на тему салемдесу
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.  Сәлем — арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Сәлемдесу — тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір — біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем — сөздің басы» делінетіні де сондықтан. Тегінде, әдеп, адамшылық — амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі — сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда — адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің  бір — біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет. Адам баласы қашанда тыныш — бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір — бірімен тату — тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу салған. Балаларды жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті — қолдарын жуып келіп, ата — анасына, отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруге дағдыландыру керек. Адамның әр күнгі іс — қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталатынын сәбиге түсіндіру керек. 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы