Сочинение на тему "Тілге құрмет - елге құрмет".
Сочинение на тему "Тілге құрмет - елге құрмет".
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Оны білу мен құрметтеу біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткені мен бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәнінде қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күннің талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын артуда. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп қадап көрсетті.
Гость
Тілге құрмет-елге құрмет
Тіл туралы қанша жыл айтылып келеді. Құрмет деген әркімнің жүрегінен шығуы керек. Адам өзі талаптанбаса біреу зорлағаннан ешнәрсе шықпайды. Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет. Сол ұлттың өкілдері мемлекеттік тіл деп қазақ тіліне құрметпен қарайды. Бұл олардың тек тілге емес елге құрметі.Ал, көп ұлттың татулығы бір халықтың екінші халыққа деген құрметінің нәтижесі. Біз қанша тіл білсек те көп болмайды, өзге тілді үйренуіміз сол халыққа деген құрметіміз. сонымен қатар ана тілімізді аяқ асты етпей құрметтеуіміз керек.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы