Сочинение Өнерлі болу-үлкен құрмет. Даю 15 баллов

Сочинение Өнерлі болу-үлкен құрмет. Даю 15 баллов
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Өнерлі болу-үлкен құрмет дейді атам қазақ. Өнер - таусылмас байлық, қазына. Ал оны бойыңа дарытып, сақтай білу - үлкен әрі жауапкершілігі мол іс. Кез-келген өнер түрі арқылы халықтың мәдениетін арттырып, гүлденуіне үлес қосасың.Мен ән айтуды ұнатамын. Мәнді, мағыналы әндер айту арқылы халықтың өнерге деген талғамын жоғары еткім келеді. Бүгінде әнші көп. Бірақ жаңадан шығып жатқандардың көбі әннің мағынасына көңіл бөле бермейді. Ән арқылы не айтқысы келетінін де білмейтіндер көп. Сондықтан қазақ өнерін мәнді, жақсы әндермен толықтырсам деймін. Оған қоса биді де ұнатамын. Жалпы адам баласының жан жақты, өнерлі болғаны, алға ұмтылғаны дұрыс. Өнер иесі болғандықтан адам жан-жақты болуы тиіс. Сондықтан мен ең алдымен білімімді жетілдіріп, өзімді мәдениетті, білімді, өнерлі, адамгершілігі мол ете түскім келеді. Халықпен өнеріңмен бөлісу үшін, өзіңе талап қоя білуің керек деп ойлаймын. Жоғарыда аталған дүниелер бойымда болмаса, онда өнердің де қасиетін кетірерім анық. Өнерлі болу арманым болғандықтан, халқыммен тек жақсымен бөлісу үшін өзімді шыңдай түскім келеді.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы