Стих на казахском языке о независимости Казахстана

Стих на казахском языке о независимости Казахстана
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Мұз жастанып азаттықтын жолында, Тәуелсіздік туы тұрды қолында. Сойыл таяқ ойнаса да жанында. Отан үшін жанын қиды ұлдарың, Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, Күйініштен ауырады жүрегім, Естігенде желтоқсанның ызғарын. Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, Ұрпақ өсер айналатын тірекке, Егемендік тиді бүгін еншіме, Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Егемендік иесі мен деген сөз, Көптеген бері естілмеген ерен сөз, Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. Егемендік ел болудың белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші. «Егемендік» деген сөзден естілер Ата жұрттың арысы мен бергісі. 1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. Шықты тарап ой данадан, Бері қарады жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімніңбар Президенті. Шырақ етіп өмір нұрын, Алыс жатты алдағы жол. Ел намысын, елдің жүгін, Арқалаған ардағым-ол. 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды. Күнісіз қазақ көгінің, Шуағын шашқан халқына. Қазығы бостандығымның, Қажымас қайсар нар тұлға, Ұшырдың алыс айға адам Халқымның мақсат арманын, Түсінер сіздей қайда адам?! Бес қару белге буынып, Қол бастар көсем өзіңсің, Жаныңды қиып бересің, Қазақтың байтақ жері үшін. 1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Рәмізім-елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Қазақстан Туы Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек- Елдің ашық қабығы. Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман-қыраны. Жалауы бұл-халқымның, Мәртебесі, мақтаны. Елтаңбасы елімнің Елтаңбасы елімнің Неткен әйбәт, әдемі! Тұнығындай көңілдің Ортада-аспан әлемі. Құт, береке, шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ. Екі жақтан көмкеркен. Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған... Билігім өз қолымда, Еркіндігім-Елтаңбам. Әнұран Әнұраным-жанұраным, Айтар әнім-сөйлер сөзім. Туған жерім-сағынарым - Мың қайталап айтам мұны.
Гость
Отан туралыМұқағали МақатаевМен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған! Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. Отанды сүймеуің де күйік екен, Отанды сүйгенің де күйік екен...Мұқағали МақатаевОтан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға - сол қайғы! Күн көреді, Әкесіз де, анасыз, Өмір сүрер. Әйелсіз де, баласыз, Ал Отансыз - Нағыз сорлы панасыз? Білесің бе, Отанның сен не екенін? (Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.) Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан - мекенің!
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы