Стих о казахстане на казахском языке короткий

Стих о казахстане на казахском языке короткий
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
ҚазақстанҰлықбек ЕсдәулетовАрыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым, Аспандаған байрақтым, Қанша жұлдыз жайнаттың, Қанша бұлбұл сайраттың, Қазақстан, ардақтым! Тұлпарыңның шабысын, Домбыраңның қағысын, Күңіренткен тау ішін, Дарияңның ағысын «Сүйем!» десем - бәрі шын, Қазақстан - намысым! Әрбір тасы - киелім, Әр уығы - жүйелім, Ән кернеген жүрегін, Күй кернеген тиегін, Сары алтыннан сүйегің, Қазақстан - жыр елім! Шаңырағың - шырағым Топырағың - тұмарым, Ғаламда жоқ сыңарың, Ғажайыбым, жұмағым, Басы таза бұлағым, Басылмайтын құмарым, Қазақстан - қыраным! Айың тусын оңыңнан, Күнің тусын солыңнан, Жұлдыз жансын жолыңнан, Басыңа бақ орнасын, Қыдыр болсын жолдасың, Құдай сені қолдасын, Қазақстан - көз жасым!.
Гость
Сарыала жапырақтар  Қонады қалқып ұшып.  Мүлгиді атырап бар  Жамылып алтын ішік.  Бу шығып бүйірінен  Ағады жылға-бұлақ.  Ақбөкен үйірімен  Барады Сырға құлап.  Дәнді алқап жалтылдайды,  Жайғандай дүзге кілем.  Жер-Ана ән тыңдайды,  Аққулар тізбегінен.  Қайың тұр амал қылып,  Шық моншақ тағынып ап.  Сүйеді самал – жігіт  Қалғандай сағынып-ақ!  Бұлбұлдар сайрамады,  Бұтаққа жайғасып жай.  Дөңгелеп Ай барады,  Әлемнің айнасындай!  Тәкәппар тау-шыңдар да  Өрлейді сүйіп өрін.  Қызығы таусылған ба,  Думанды дүниенің?! 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы