Стихи про зиму на казахском языке

Стихи про зиму на казахском языке
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қыс Оңайгүл Тұржан Ішімде де ақ боран, Сыртымда да ақ боран. Көңіл-бұлақ ақ табан, Ол да қатып тоқтаған. Үсіп өлді үмітім, бір жаз бойы сақтаған. Қарға батып дәрменім, Мұзға қатып дәуренім, Кәрі қысты тұр-тұрлап, Оята алмай әуремін, Шаңқай жаздан адасып, Жүрген жалғыз сәуле едім. Қыс пен жазды жалға тіл, Көктеміңе бар батыл. Жасыл-желек қай жақта? Мұнда тау да, тал да тұл, Өлеңдерде ақ қырау, Ой ұшында қар жатыр. Қыс  Ғабиден Құлахмет Қыс қандай әсем еді, қара, далам, Бір арман-ақ боз жеккен шана маған. Ағызып жұлдыздайын Дүниенің Не жетсін күніне бір аралаған.  Қар қандай! Қарып көзді шағылады, Жамылған тау, даласы, бағы-бәрі. Тоқтау жоқ, Кедергі жоқ Аппақ дүние! Жер үсті аппақ нұрға малынады. Күн ұзын жапалақтап тынбады қар, Астында ақ мамықтың тұрғаным бар. Ақ төсін жайып салып жатыр дала, Кеудемде сол даланың ырғағы бар.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы