Төрт түлік малды төлінен бастап өсу ретімен жазыңызшы
Төрт түлік малды төлінен бастап өсу ретімен жазыңызшы
Ответ(ы) на вопрос:
Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген.Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.
Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайыншща, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.
Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы