ТУЛКИ МЕН КАСКЫР ЕТРЕГИСИНИН ТЕКСТИ

ТУЛКИ МЕН КАСКЫР ЕТРЕГИСИНИН ТЕКСТИ
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келеді.         Қасқыр қасындағы түлкіге:         — Ал, сен жей ғой, достым, – депті жол беріп.         Түлкі арсалаңдай күліп:         — Менің аузым ораза ғой, достым, білмеуші ме едің? Сен-ақ жей бер, – дейді.         Қасқыр етті жемек болып, тұмсығын созады. Енді шетінен тістей бергенде, мойнын қақпан қауып алады. Ет бір шетке ұшып түседі. Түлкі етті қағып алып, қылғи салады.         Мұны көріп тұрған қасқыр:         — Ей, достым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – деп сұрайды.         Түлкі қылмың қағып:         — Менің аузымдағы ораза ашылып, сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы