Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Құс патшасы - бүркіт,
Аң патшасы - арыстан.
Құс көк сеңгірге бір қонады.
Құс жеткен жеріне қонады.
Құсы жоққа тұрымтай сұңқармен тең,
Аты жоққа қотыр тай тұлпармен тең.
Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
Құстың алғанынан салғаны қызық.
Атқанның құсын жатқан пайдаланар.
Ұшар құстың басы ілгері.
Телегейге тел жаңғырық,
Ұшқан құсқа жел жаңғырық.
Баба бүркіт барлап ұшады,
Бала бүркіт парлап ұшады.
Бүркіт қартайғанда тышқан аулайды.
Ақсұңқардың баласы алдына қоймай ас жемес.
Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
Аттың бәрі тұлпар емес,
Құстың бәрі сұңқар емес.
Тұлпардан тұяқ қалар,
Сұңқардан қияқ қалар.
Қараша үйде сұңқар бар, ораздыға жолығар.
Қайырсыз сұңқардан қайырлы тұрымтай артық.
Қара құс басып жейді,
Сұңқар шашып жейді.
Бұлбұл құс зымыстан көрмей,
Гүлстанның қадірін білмес.
Саясы жоқ бұтаққа бұлбұл қонбайды.
Бұлбұл болып қырылдағанша,
Шымшық болып шырылда.
Балапан басына, тұрымтай тұсына.
Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.
Қаз тойғанына семірмейді,
Орғанына семіреді.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ болар.
Сасқан үйрек артымен сүңгір.
Шабан үйрек бұрын ұшар.
Қарға қарғаның көзін шұқымайды.
Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта.
Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар.
Сақ қарға сағағынан ілінер.
Тауық құсқа ұшу жоқ,
Там үйлерге көшу жоқ.
Тауықтың түсіне тары кіреді.
Тауықтың шақырғанына таң атпайды.
Кімнің тарысы піссе, соның тауығы.
Мезгілсіз шақырған қораздың айдарын жұлмақ керек.
Шоқысқыш қоразға шыр бітпес.
Қақылдаған тауық тумай қоймас.
Тары болса, тауық табылады.
Табақты үйдің тауығы қос жұмыртқа туады.
Жапалаққа күннен түн жақсы.
Жапалақ сипағанмен сұңқар болмас,
Жабыны мақтағанмен тұлпар болмас.
Жапалақты таспен ұрсаң да, жапалақ өледі,
Тасты жапалақпен ұрсаң да, жапалақ өледі.
Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғайды,
Бұршақ жауса, басын қорғайды.
Бұтаны паналаған торғай аман қалады.
Екі тұйғын жабылса қаздың соры.
Құзғын ас таңдамайды.
Көкек өз атын өзі шақырады.
Сауысқан шоқыса да тоқ болмайды.
Сауысқан тотықұстың жүрісіне салам деп
Өз жүрісінен айырылыпты.
Бөдененің үйі жоқ,
Қайда барса бытпылдық.
Шағала келмей жаз болмас,
Шаққан келмей боз болмас.
Ителгінің қызығына берілсең,
Қаршығаңды қамшы етерсің.
Аспандағы тырнаны ұстаймын деп
Қолыңдағы шымшығыңнан айырылма.
Соқыр тауыққа бәрі бидай.
Құс жаманы - сауысқан,
Ағаш жаманы - азған.
Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,
Үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
Семірген сайын тауықтың арты бітер.
Ұя баспайтын құс оңаша ұшар.
Ит иесі үшін жүгіреді,
Құс өзі үшін ұшады.
Қарлығаш - көктем жаршысы.
Аққу жүзсе су сұлу.
Дауылпаз деген құс болады,
Дауысы жер жарады.
Керуеннің түнгі жүрісін бозторғай біледі.
Абайлап ұшпаған құс қанатын қайырады.
Құстың қайдан екенін сұрама, сайрағанын сұра.
Құста сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Аспандағы құсты ұятқа қалдырған - жердегі жем.
Ақсұңқардың баласы сарқыт қоймай, жем жемес.
Кенді жерде жылан бар,
Шөлді жерде қыран бар.
Қыран қызыл түлкі алса,
Қарға ауыл тазартады.
Тұйғынның ілуі артық.
Бөтен жерде бұлбұлды қарға дейді.
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамайды.
Қаз ұшса, көлді үйрек иеленеді.
Қарашада қаз қайтар.
Ала қарғада алашағың жүрсін.
Қарғаның «қарқ» дегені - өзіне сүйеу.
Әтешке шақыр десең,
Таң атсын дейді.
Аққудың қасында жапалақ жараспас.
Арық аттың бабын тапсаң - тұлпар,
Күйкентайдың күйін тапсаң - сұңқар.
Тырнадан бастық қойсаң,
Басыңнан қиқу кетпес.
Жасауылың тырна болса,
Күнің қиқуымен өтер.
Жарқанатңа жарық қас.
Дегелек келсе, жаз болар,
Бала-шаға мәз болар.
Сауысқан бір шоқып, қырық қаранады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы