Зергерлік өнер мәтін напишите пожалуйста буквально 10 предложений не больших

Зергерлік өнер мәтін напишите пожалуйста буквально 10 предложений не больших
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды.  Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың бірі түрі жағынан да, мән – мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны – зергерлік өнер. Зергерлік өнер туындыларын зерттей келе, оның өте күрделі, әрі қиын да қызықты екеніне көз жеткізуге болады.Қазақтың зергерлік өнері – тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер ретінде саналған. Сондықтан да болар ел ішінде: «Зердің жайын зергер білер, Аңның жайын мерген білер», – деп босқа айтпаса керек-ті. Оған біріншіден, табиғаттан дарыған тума талант керек болса, екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың тарихымен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Жалпы зергерліктің түбірі «зер» парсының «алтын» деген сөзінен шыққан
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы