Жинактык сан есимге олен

Жинактык сан есимге олен
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жеті ұрпақты білмейміз Әлі күнге көбіміз. Және бізге беймәлім Біздің ата-тегіміз. Ең алдымен сөз етем, Бірінші ата – өз әкем. Екіншісі – атамыз, Үшіншісі – арғы ата, Төртіншісі – бабамыз, Бесіншісі – түп ата. Қалай тыныш жатамыз, Маған да, ата, бер бата! Алтыншысы – тек ата, Жетіншісі – ұлы ата. Жеті ұрпақты сөз етсек, Қателікті түзетсек, Бірінші ұрпақ – ол бала, Ұрпағыңды қорлама! Екіншісі – немере, Үшіншісі – шөбере, Төртіншісі – шөпшегің, Бесіншісі – немене, Алтыншысы – жүрежат, Жетіншісі – туажат, Тұқым солай өседі. Бірін бірі қуалап. Жеті атаның тілін ал, Жеті ұрпақты біліп ал! Авторы;Өтепберген Ақыпбекұлы Біріншісі - СЕНІ КӨРУ - көз алдымнан күн сайын, Екіншісі - СЕНІ СЕЗУ - жан-тәніммен түн сайын... Үшіншісі - СЕНІ ҚОЛДАУ - бар күнәңді кешіру, Төртіншісі - СЕНІ ҚОРҒАУ - мерейіңді өсіру, Бесіншісі - СЕНІ ТЫҢДАУ - шын ниетпен, төзіммен, Алтыншысы - СЕНІ СЫЙЛАУ - шаттық сезіп көзіңнен, Жетіншісі - СЕНІ СҮЮ - артық көріп Өзімнен...
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы