Ответ(ы) на вопрос:
Ызақор бұғып жатыр, Сақалы шығып жатыр.
(жуа) *** Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа) *** Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ) *** Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша) *** Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз) *** Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын) *** Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз) *** Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз) *** Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр) *** Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) *** Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу) *** Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт) Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек) *** Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы) *** Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар) *** Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз) *** Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап) *** Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш) *** Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор) Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп) *** Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа) *** Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін) *** Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш) *** Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек) *** Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран) *** Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша. (таба нан) *** Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
Не нашли ответ?
Похожие вопросы