Жылы ағыстар реферат даю 20 баллов

Жылы ағыстар реферат даю 20 баллов
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ағыстар жылы да, суық та болады. Егер ағыс суының температурасы қоршап тұрған су температурасынан жоғары болса, оны жылы ағыс деп, ал кері жағдайда суық ағыс деп атайды. Ағыс судың беті мен тереңдігінде де үлкендікішілі қабаттарды қамтиды. Сондықтан оны беттік, су астылық немесе тереңдік түптік ағыс деп бөледі. Шығу тегі бойынша ағыстар ықпа (желдің су бетін сүйкей соғуы әсерінен), ағындық (мұхиттың бір жағына жиналған көп судың лықсуы әсерінен), компенсациялықтолықтырма (мұхиттың бір жағындағы су олқылығын толтырып тұратын ағыстар) болып бөлінеді. Жердің тәуліктік айналуының әсерінен ағыстың алғашқы бағыты Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқып тұрады. Ағысатмосфера мен желдің қысымынан су тығыздыктарының әр түрлі болып келуінен және бір бассейндегі су олқылығын екінші бассейннен лықсыған судың толықтыруынан пайда болады. Материктер ағыстың жылжу бағытын бұруға әсер етеді. Жалпы атмосфера циркуляциясының барлық жүйесінің мезгілдік орын ауыстыруымен бірге мұхит және теңіз ағыс жүйесі де жоғарғы ендікке қарай мезгілдік орын ауыстыруда болады. Кейбір ағыстар ауыспалы болып тұрады (жылдың бір бөлігінде суық, екінші бөлігінде жылы). Ағыс материктердің таяу бөліктерін ысытып немесе суытып олардың климатына үлкен әсер етеді.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы