Ответ(ы) на вопрос:
Гость
жылқы
жылқы _ қазақтың мал шаруашылығында негізгі орынды ұстайды. жылқы түлігі сәуірден бастап шілдеге дейін үйірге қосылады. биелер үйірге қосылып он екі айдан соң құлындайды. жақсы жылқы 20 _ 30 жасқа дейін жасайды.
қамбар ата _ жылқының пірі, иесі әрі киесі.
құлын, құлыншақ _ жылқы төлі.
жабағы _ бір жылға дейінгі төл.
тай _ екі жастағы жылқы.
құнан _ үш жастағы жылқы.
құнажын ( құнан байтал) _ үш жастағы ұрғашысы.
байтал _ төрт жастағы ұрғашысы.
сойтал _ төрттен асқан ұрғашысы.
дөнен _ төрт жастағы еркегі.
бесті _ бес жасар еркек жылқы.
айғыр _ аталық жылқы.
сәурік _ жас айғыр.
бие _ енелік жылқы.
қулық _ алғаш құлындаған бие.
қысырақ _ үйірге алғаш қосылған жас мал.
мама бие _ көп құлындаған жуас бие.
бедеу _ құлындамайтын жылқы.
ат _ ақталған, кесілген еркек жылқы, мініс ат.
мініс аттары жалпы жылқы тегіне қарай: тұлпар, сәйгүлік, дүлдүл, наз бедеу, қазан ат, арғымақ, жабы. қасиетыне қарай: аяңшыл, жорға, жүйрік .... деп бөлінеді. жылқының түр-түстері: ақ боз, күрең, торы, жирен, шабдар, шұбар, теңбіл, сұр, ала, кер, күлдібадам, шалбас. тулақ _ әбден жүдеген арық жылқы. мәстек _ жылқының жаман түрі. жамандату, шеміршек, сақау, маңқа, қолқа _ жылқы аурулары. << құрау-құрау>> _ жылқыны шақыру. үйір _ жылқы тобы.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы