Право

помогите перевести пожалуйста Адамдар ежелден ат жекпей-ақ,өздігінен жүретін арба жасауды арман еткен еді. Не ойлап таппады десеңдерші:рычагтар,педальдар,тісті доңғалақтар... Тіпті арбаға желкен де орнатты. 1770 жылы француз инженері Н. Кюньо арбаға ат орнына бу машинасын жегуді ұйғарды. Ол солай етті де,өзінің осы ерекше арбасын "автомобиль",ағни "өздігінен жүретін" деп атады. Бұлармен жүру ыңғайсыз әрі қауіпті болды. Өйткені бу қазанының жарылып кетуі мүмкін еді. Осы кезеңде бу машинасының орнына бензинді двигатель, яғни мотор келді. 1886 жылы неміс механигі Карл Бенц моторды жолаушылар таситын арбаға ыңғайлап жасады. Бұл күйме ең алғашқы бензинді автомобиль еді. Арба алғашында тек жолаушылар тасуға арналса, ол көп ұзамай жүк тасу үшін де пайдаланыла бастады. Осылайша автомобильдің жеңіл автомобиль, жүк автомобилі және автобус деген үш түрі пайда болды.
ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА! ОЧЕНЬ СРОЧНО СДЕЛАЙТЕ ПЕРЕВОД ТЕКСТА! ПЕРВОМУ ЗА ПРАВИЛЬНЫЙ ОТВЕТ ДАМ ЛУЧШИЙ ОТВЕТ! Тіл табысу -өнер Тіл - адамзат баласына ғана берілген ұлы қасиет, ерекше қабілет, табиғаттың ғажап сыйы. Әр адамның тілді орынды қолдана алуы оның өмірде жетістіктерге жетуінің негізі болып саналады. Өйткені тіл ғана адамның өзі өмір сүріп отырған ортада өзгелермен тіл табыса білуіне, бірігіп еңбек етуіне, өз орнын иемденуіне, өзгелерді тануына, өзін танытуға мүмкіндік береді. Өзгелермен тіл табысу - үлкен өнер. Тілсіз адамның биік нәтижелерге жетуі, рухани дамуы мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы басқалармен қарым-қатынас жасап, бірлесе өмір сүреді, биік армандаға қол жеткізеді. Тілдің көмегімен ғана дүние туралы білім алып, өз көзқарасын қалыптастырады, адамзаттың өмір тәжірибесін үйренеді. Тек тіл арқылы көңіл - күйін, ішкі сезімін білдіреді, өзіне өмірлік дос, жақсы жар табады. Кез келген ортада өзін ұстай білетін, ақылды, мінезі жайлы,, сөзі түзу адамның беделі жоғары болады. Ол үшін адам барлық нәрсеге ойлана қарап, таныс, бейтаныс адамдармен мәдиниетті сөйлесе алуы, сөзді дұрыс қолдануы қажет. Сонымен, тіл - адамдардың өзара пікір алысуының, ой бөлісуінің ғана құралы емес, тіл - қоғамдық мәні зор, ерекше құбылыс.