Право
1. Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.
A) Шашыраңқы
B) Келді
C) Күллі, тегіс
D) Әкелді
E) Ажарлы
2. Топтау сан есiмiн белгілеңіз.
A) Бес
B) Бесiншi
C) Бес жарым
D) Бесеу
E) Бес-бестен
3. Есімдікті табыңыз.
A) Қызыл, көк
B) Белсенді
C) Сонау, мына
D) Бәрекелді, пәлі
E) Әрине, мүмкін
4. Еліктеу сөзден жасалған етістікті белгілеңіз.
A) Барды
B) Ойлады
C) Қуды
D) Жүгірді
E) Былқылдад.
5. Төл сөздің алдында келгенде автор сөзінен кейін қойылатын тыныс белгіні белгілеңіз.
A) Сызықша
B) Қос нүкте
C) Үтір
D) Тырнақша
E) Нүкте
6. “Ашулы” мағынасында қолданылатын тұрақты сөз тіркесін анықтаңыз.
A) Көңілі толу
B) Сағы сыну
C) Көзді ашып-жұмғанша
D) Ит өлген жер
E) Қабағына қар жауып.
7. Басқа тілден енген сөзді табыңыз.
A) Көрші.
B) Жаз
C) Арқар
D) Пән
E) Өгіз
8. Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған қатарды табыңыз.
A) Көмектес, жинас
B) Кигіз, келгізді
C)Келтір, шығар
D) Салыс, жинас
E) Салынды, желінді
9. Лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Олар егіншілікпен айналысты
B) Түу, мына жер тым тастақ екен
C) Баян-жердің шұрайы
D) Егін науқаны өткен
E) Дән қалай өнеді екен
10. Бірыңғай бастауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Ойнақшып, шапқылап аттар кете барды.
B) Ол-агроном, ғалым, ақын, прозаик.
C) Қалада тоғыз қабатты, он қабатты үйлер салынуда.
D) Жерді екі рет айдап екі рет тырмалайд.ы
E) Мұнда шай, лимон, мандарин өсіріледі.
11. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
A) Биылғы қыс суық болған жоқ.
B) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.
C) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.
D) “Бұның дұрыс болмады,” - деп әкесі ренжіді.
E) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.
12. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.
A) Ал ол өзінің келешегіне үмітпен қарайды.
B) Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.
C) Абай бірақ ойын айтпады.
Д) Қайдан келдің, бауырсақ?
Е) Рас, сіздің халық-ақын халық.
13. Қай сөзде «ала» сөзі бірге жазылатынын көрсетіңіз:
A) Ала(топалаң)
B) Ала(бұға)
C) Ала(ат).
D) Ала(шұбар)
E) Ала(шалбар)
14. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Баланы бетінен қағуға болмайды.
B) Тым-тырыс.
C) Жер жыртқан трактордың гүрілі біз жаққа қатты естілді.
D) Асқа қарамауға тура келді.
E) - Мұның қалай?
15. Сызықша қойылуға тиісті сөйлемді анықтаңыз.
A) Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
B) Көп адам қорқытады, терең су батырады.
C) Жалқаулық жаман ауру.
D) Басқа пәле тілден болады.
E) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
16. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.
A) Ы.Алтынсарин
B) М.Дулатов
C) Ш.Уәлиханов
D) А.Байтұрсынов
E) Ә.Бөкейханов
17. А.Құнанбайұлының кедейдің аянышты өмірін баяндайтын өлеңін табыңыз.
A) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»
B) «Ғылым таппай мақтанба»
C) «Жаз»
D) «Әсемпаз болма әрнеге»
E) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
18. Абай қара сөздерінің жалпы санын көрсетіңіз.
A) 45
B) 40
C) 25
D) 50
E) 35
18. С.Сейфуллиннің Омбы лагерінен қашып шыққаннан кейінгі бүркеншік атын анықтаңыз.
A) Дүйсенбі
B) Әбіл
C) Мұхамедқали
D) Мұқан
E) Нұрмағамбет
19. Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасында оқыған қаламгерді табыңыз.
A) Ж.Аймауытов
B) Ғ.Мүсірепов
C) І.Жансүгіров
D) М.Жұмабаев
E) М.Әуезов
20. Ғ.Мүсірепов әңгімесін табыңыз.
A) «Әнші»
B) «Ананың анасы»
C) «Саятшы Ораз»
D) «Жусан иісі»
E) «Көксерек»
21. Ш.Мұртазаның «Сталинге хат» пьесасындағы хаттың сырын ашыңыз.
A) Қазақстандағы ашаршылық
B) Ауылды жақсарту
C) Қазақстандағы құрылыс
D) Жеке бастың мәселесі
E) Жер мәселесі.
22. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын табыңыз.
A) «Құрманғазы»
B) «Адасқан өмір»
C) «Қорқыт»
D) «Ескендір»
E) «Қалқаман-Мамыр»
23. М.Әуезовтің әңгімесін анықтаңыз.
A) «Қарагөз»
B) «Асуға тұсау»
C) «Еңлік-Кебек»
D) «Бүркітші»
E) «Отелло»
24. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында қай ұлттың арасындағы жаугершілікті суреттегенін түсіндіріңіз.
A) Қазақ пен орыс
B) Қазақ пен қырғыз
C) Қазақ пен тәжік
D) Қазақ пен қалмақ
E) Қазақ пен өзбек
25. Сәкен Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы қандай атпен басылғанын анықтаңыз.
A) «Азамат»
B) «Маса»
C) «Уақ-түйек»
D) «Өткен күндер»
E) «Оян, қазақ»
9-нұсқа
1. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Қуанышты уақыт.
B) Қуанышы қойнына сыймау.
C) Емен ағаш.
D) Ала кел.
E) Сары ойыншық.
2. Кірме сөзді табыңыз.
A) Жәшік.
B) Жақсы.
C) Қара
D) Балға
E) Бес.
3. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
A) Әзәзі
B) Әзәзіл
C) Әззәзіл
D) Әзезіл
E) Әззезіл
4. Толықтауыш қызметіндегі етістікті көрсетіңіз.
A) Үй иесі су киімін шешті
B) Ойы - Дөңқараның бергі түбегіне жету.
C) Мен өтірік айту дегенді білмеймін.
D) Амалсыз реніштен қиналып отырып шыдамапты.
E) Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де есітті.
5. Қос сөздің белгісі қойылатын жерді белгілеңіз.
A) Әлдекім
B) Сөйтіп
C) Алды артына
D) Бүгін
E) Әлсіздік
6. Зат есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.
A) Қайсысы? қайсыбірі?
B) Кім? не?
C) Қандай? қай?
D) Қашан? қашаннан бері?
E) Қалай? қайтіп?
7. Сан есімді тіркесті табыңыз.
A) Үлкен өзен
B) Таулы өлке
C) Барлық адам
D) Он шақты адам
E) Атты кісі
8. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A) Сағат шырылдады.
B) Шіркін, дәурен!
C) Маған айтпа.
D) Сен қашан келесің?
E) Тіліңізді тартыңыз.
9. Омоним болуға лайық сөзді белгілеңіз.
Кір жуылып болғанда апам да келді.
A) Келді
B) Жуылып
C) Кір
D) Апам да
E) Болғанда
10. Туынды етістікті табыңыз.
A) Жырла
B) Бөл
C) Айт
D) Дос
E) Жүрді
11. "Таман", "тарта" шылауы қандай септіктердегі сөзді меңгереді, көрсетіңіз.
A) Атау септік
B) Ілік септік
C) Барыс септік
D) Табыс септік
E) Шығыс септік
12. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.
A) Арай хат жазып кетіпті.
B) Біреудің қолымен от көсеме.
C) Сыйластық екі жаққа да қажет.
D) Оның айтқанының бәрі орынды.
E) Жемісті ағаштың басы ауыр.
13. Жалғаулықты себеп-салдар салаласты табыңыз.
A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жанымқатты ауырады.
B) Талғат есепті шығара алмады және оған қиналмады.
C) Жаманшұбарлықтар қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді қорада ұстау керек.
D) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды.
E) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
14. Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз. Долы боран. Түнгі дала.
A) Туынды сөз
B) Күрделі сөз
C) Сөз тіркесі
D) Біріккен сөз
E) Қос сөз
15. Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың.
B) Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын.
C) Дегенмен, мен жаңылмаппын.
D) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды.
E) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты.
16. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз.
A) «Жаз»
B) «Өзен»
C) «Әй, жігіттер»
D) «Залым төреге»
E) «Қайырымды түлкі».
17. Абайдың соңғы туындыларының қатарына жататынын табыңыз.
A) Өлеңдері
B) Әндері
C) Поэмалары
D) Аудармалары
E) Қара сөздері
18. ... Іздеймін тағат бар ма? Сені іздедім, маған егіз ғып жаратқан ба? ... – деп Мұқағали ақын нені іздейтінін табыңыз.
A) Туған жерін
B) Ата-бабасын
C) Өткен күнді
D) Поэзияны
E) Ғашық қызын
19. Құлмамбетпен айтысқан ақынды табыңыз.
A) Біржан
B) Омарқұл
C) Жамбыл
D) Сара
E) Арыстанбай
20. Абай өз өлеңдерін нешінші жылдан кейін өз атынан жариялауға көшкенін анықтаңыз.
A) 1886 ж.
B) 1889 ж.
C) 1884 ж.
D) 1887 ж.
E) 1885 ж.
21. А.Байтұрсыновтың «Ер Сайын» жыры жарық көрген жылды табыңыз.
A) 1921 ж.
B) 1923 ж.
C) 1925 ж.
D) 1922 ж.
E) 1924 ж.
22. Ғ.Мүсірепов аралаған шетелдерді белгілеңіз.
A) Англия, Франция, Испания
B) Ешқандай шетелге барған жоқ.
C) Жапония, Египет, Алжир, Италия
D) Германия, Австралия
E) Түркия, Индия, Египет
23. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның шын атын табыңыз.
A) Қожатай
B) Қожакелді
C) Қожаберген
D) Қожагелді
E) Қожаберді
24. «Еңлік - Кебек» поэмасының авторын белгілеңіз.
A) Шәкәрім Құдайбердіұлы
B) Сұлтанмахмұт Торайғыров
C) Хамит Ерғалиев
D) Ілияс Жансүгіров
E) Жүсіпбек Аймауытов
25. Б.Майлиннің поэмаларын белгілеңіз.
A) «Сұлушаш»
B) «Қойлыбайдың қобызы»
C) «Құлагер»
D) «Домбыра»
E) «Рәзия қыз»