1. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. A) Қуанышты уақыт. B) Қуанышы қойнына сыймау. C) Емен ағаш. D) Ала кел. E) Сары ойыншық. 2. Кірме сөзді табыңыз. A) Жәшік. B) Жақсы. C) Қара D) Балға E) Бес. 3. Орфография бойынша дұрыс жазы...

1. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. A) Қуанышты уақыт. B) Қуанышы қойнына сыймау. C) Емен ағаш. D) Ала кел. E) Сары ойыншық. 2. Кірме сөзді табыңыз. A) Жәшік. B) Жақсы. C) Қара D) Балға E) Бес. 3. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. A) Әзәзі B) Әзәзіл C) Әззәзіл D) Әзезіл E) Әззезіл 4. Толықтауыш қызметіндегі етістікті көрсетіңіз. A) Үй иесі су киімін шешті B) Ойы - Дөңқараның бергі түбегіне жету. C) Мен өтірік айту дегенді білмеймін. D) Амалсыз реніштен қиналып отырып шыдамапты. E) Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де есітті. 5. Қос сөздің белгісі қойылатын жерді белгілеңіз. A) Әлдекім B) Сөйтіп C) Алды артына D) Бүгін E) Әлсіздік 6. Зат есімнің сұрақтарын көрсетіңіз. A) Қайсысы? қайсыбірі? B) Кім? не? C) Қандай? қай? D) Қашан? қашаннан бері? E) Қалай? қайтіп? 7. Сан есімді тіркесті табыңыз. A) Үлкен өзен B) Таулы өлке C) Барлық адам D) Он шақты адам E) Атты кісі 8. Хабарлы сөйлемді табыңыз. A) Сағат шырылдады. B) Шіркін, дәурен! C) Маған айтпа. D) Сен қашан келесің? E) Тіліңізді тартыңыз. 9. Омоним болуға лайық сөзді белгілеңіз. Кір жуылып болғанда апам да келді. A) Келді B) Жуылып C) Кір D) Апам да E) Болғанда 10. Туынды етістікті табыңыз. A) Жырла B) Бөл C) Айт D) Дос E) Жүрді 11. "Таман", "тарта" шылауы қандай септіктердегі сөзді меңгереді, көрсетіңіз. A) Атау септік B) Ілік септік C) Барыс септік D) Табыс септік E) Шығыс септік 12. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз. A) Арай хат жазып кетіпті. B) Біреудің қолымен от көсеме. C) Сыйластық екі жаққа да қажет. D) Оның айтқанының бәрі орынды. E) Жемісті ағаштың басы ауыр. 13. Жалғаулықты себеп-салдар салаласты табыңыз. A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жанымқатты ауырады. B) Талғат есепті шығара алмады және оған қиналмады. C) Жаманшұбарлықтар қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді қорада ұстау керек. D) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды. E) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді. 14. Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз. Долы боран. Түнгі дала. A) Туынды сөз B) Күрделі сөз C) Сөз тіркесі D) Біріккен сөз E) Қос сөз 15. Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз. A) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың. B) Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын. C) Дегенмен, мен жаңылмаппын. D) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды. E) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты. 16. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз. A) «Жаз» B) «Өзен» C) «Әй, жігіттер» D) «Залым төреге» E) «Қайырымды түлкі». 17. Абайдың соңғы туындыларының қатарына жататынын табыңыз. A) Өлеңдері B) Әндері C) Поэмалары D) Аудармалары E) Қара сөздері 18. ... Іздеймін тағат бар ма? Сені іздедім, маған егіз ғып жаратқан ба? ... – деп Мұқағали ақын нені іздейтінін табыңыз. A) Туған жерін B) Ата-бабасын C) Өткен күнді D) Поэзияны E) Ғашық қызын 19. Құлмамбетпен айтысқан ақынды табыңыз. A) Біржан B) Омарқұл C) Жамбыл D) Сара E) Арыстанбай 20. Абай өз өлеңдерін нешінші жылдан кейін өз атынан жариялауға көшкенін анықтаңыз. A) 1886 ж. B) 1889 ж. C) 1884 ж. D) 1887 ж. E) 1885 ж. 21. А.Байтұрсыновтың «Ер Сайын» жыры жарық көрген жылды табыңыз. A) 1921 ж. B) 1923 ж. C) 1925 ж. D) 1922 ж. E) 1924 ж. 22. Ғ.Мүсірепов аралаған шетелдерді белгілеңіз. A) Англия, Франция, Испания B) Ешқандай шетелге барған жоқ. C) Жапония, Египет, Алжир, Италия D) Германия, Австралия E) Түркия, Индия, Египет 23. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның шын атын табыңыз. A) Қожатай B) Қожакелді C) Қожаберген D) Қожагелді E) Қожаберді 24. «Еңлік - Кебек» поэмасының авторын белгілеңіз. A) Шәкәрім Құдайбердіұлы B) Сұлтанмахмұт Торайғыров C) Хамит Ерғалиев D) Ілияс Жансүгіров E) Жүсіпбек Аймауытов 25. Б.Майлиннің поэмаларын белгілеңіз. A) «Сұлушаш» B) «Қойлыбайдың қобызы» C) «Құлагер» D) «Домбыра» E) «Рәзия қыз»
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
1 д 2 а 3 д 4в 5е 6_ б 7е8а 9 е
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы