Право

Переведите пожалуйста Жапырақ-жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң Мен қайың, бола бастайын. Келісесің бе, жас қайың? (Көрінер,мүмкін, кімге ерсі.) Өміріңді маған бір берші! Дүрбелең мына дүниені, Адам көзімен бір көрші. Қайың боп мен де бағайын, Орманнан орным табайын. Беймәлім маған өмірге, Қайың көзімен қарайын. Сен-дағы жерден нәр алдың, Мен-дағы жерден нәр алдым. Біреуден сен де жаралдың, Біреуден мен де жаралдым. Тілің жоқ, жанды қайың сен, Айырмашылығым - Адаммын. Мендегі бары бір жүрек. Беріпті жүрек саған мың, Сондықтан ұзақ жасайсың - Құрдасы келер заманның. Бар-жоғы менде бір жүрек, Ол өлсе мәңгі кеткенім. Сендегі: семсе мың жүрек, Келгенде жасыл көктемін Тірілер қайта дүруреп. Жапырақ-жүрек, жас қайың! Жанымызды айырбастайық? Адам боп жүрсең қасқайып, Қайың боп тұрам қасқайып, Тәуекел, айырбастайық. Өмірге-өмір жалғасып, Анамыз жерге жармасып, Бірде адам, бірде қайың боп, Сүрейік өмір алмасып...
50 баллов тому, кто сам переведет мне небольшую сказочку с казахского на русский Ай неге жалаңаш қалды Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты. - Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты. Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.