Право

пожалуйста,помогите, перевести текст. Мені көргенде, кішкентай қара бала жылап жіберді. - Өй, батыр, неге жыладың? Біреу жәбірледі ме ? - Жоқ, аға, - деді бейтаныс бала өксігін баса алмай. - Қарным ашты. - Үйіңде таба алмай жүрсің бе? - Жоқ... Мен он бесінші пәтерде тұрамын.Мына балапанды мысық жеп қоя ма деп... Енді байқадым. Баланың қолында торғайдың сарыауыз, үрпек балапаны шиқ-шиқ етеді. - Мұны қандай алдың ? - Бірінші қабаттың балконынан. Өздері ушіу екен. Екеуін Соняның мысығы жеп қойды. - Үйіңе апармайды ба ? - Апардым. Әкем мен анам көшеге таста деп ұрысқан соң... далада жүрмін. - Есімің кім ? - Болат. - Онда бұл балапанды маған бере ғой, өзің үйіңе бар. - Далаға тастап кетпейсіз бе ? - деді Болат көздері жыпылықтап. - Жоқ, айналайын. Өйтсем обалына қалмаймын ба ? Үйге кіре бергенімде, " аға, аға " деген Болаттың үні жетті құлағыма. - О, не, Болатжан? - Обал деген не ? - Қайырымдылық қасиет, - дедім аузыма басқа сөз түспей. Менің есіме сол кезде кішкентай Болат түсті. Құстың обалын білген сәбидің ертең туған елінің обалын ойлайтын азамат болатындығы көңіліме қуаныш ұялатты.