1. «Актер болғым келеді» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар. 2. Өздеріңнің сүйікті актерлерің туралы айтып беріңдер.

1. «Актер болғым келеді» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар. 2. Өздеріңнің сүйікті актерлерің туралы айтып беріңдер.
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Екінші сынып оқып жүрген кезім. Ауылымызда Шайбаз деген молда кісі қайтыс болды. Ес білгелі көріп тұрған алғашқы өлімім. Көңіл айтып жан-жақтан келген адамдардың "Атамайлап" жылаған дауыстары үй иелерінің зарлы үндеріне қосылғанда құдды қиямет-қайым. Мұндайды бұрын соңды көрмеген бала жүрекке қалай әсер еткенін елестету қиын емес шығар. Енді міне жерлеуге алып бара жатыр. Қараңғы көрге. Түн ортасы болды көзім жыпылықтап әлі ояу жатырмын. Бір түрлі қорқыныш сезім. "Барлық адам бір күні өліп, қара жердің қойнауына кіріп, шіріп жоқ болады екен ғой. Түбінде бәрібір өлсек, мына тырбың тіршілік не үшін?! Неге өлуге тиіспіз?! Өлмеудің жолы жоқ па?" - деген оймен алпарысып әлі жатырмын.  Шаршағанда барып көзім ілініп кетеді. Осынау терең ойлар күнде мазалайтын болды. Қараңғы батып, төсекке кірдім бе, болды, ертең өліп қалатындай күй кешемін. "Өлгім келмейді. Мәңгі өмір сүруді қалаймын. Құдай болсаң рахат. Мәңгі өлмейсің әә" -деп қоямын өзімше. Ол кезде Құдай деп қолында таяғы бар ақ сақалды ұшып жүретін бір кісіні елестететінмін. Бір неше күннен кейін теледидардан ескі бір киноны көрдім. Сонда байқағаным фильмде басты рөлде ойнаған актер баяғыда қайтыс болып кеткен екен. Ойыма бір ой сап ете қалды. "Еее, актер болсаң, ең болмаса өстіп кинода жүре береді екенсің ғой. Болды актер болам" - деймін. Оның үстіне мектепте анау-мынау қойылымдарда басты рөлде жүретінмін. Міне осылай өлімнен қорқып, мәңгілікті аңсап актер болғым келді. Кейін ойласам шала миыма осындай тұңғыйық ойлар қайдан келді? Жан дүниеме мәңгілікті аңсаттырып қойған қандай күш? Бейнебір ертең өліп қалатындай неге мәңгілікті қаладым? Неліктен өлімнен, жоқ болудан қорықтым? Мұның жауабын кейіннен таптым. Оны "Имани гүл" кітабымда жаздым. Содан үзінді келтірейін:Рухымыздың мәңгілікті аңсауыКез келген адам баласы машақат, бейнетке толы, найзағай жылдамдығына пара-пар қалай зымырап өтіп кеткені түсініксіз шектеулі мына дүниеге қанағаттанбайды. Оның рухы, жан дүниесі мәңгілікті аңсайды. Шексіз өмір мен бақи дүниеге құштарланып тұрады. Өзінің бір ғасырға да жетпейтін жалған, шектеулі өмірін ойлап, бүгін басып жүрген қара жерді ертең көрпе етіп жамыларын сезінген сәтте мәңгілікке құштар жан-жүрегін қайда қоярын білмей, ұйқысы қашып, шарасыздықтан мазасыздана түседі. Адам баласының жан дүние – рухын мәңгілікке құштар етіп, бақи өмірге деген ынтық сезіммен безендіре жаратқан Алла, әлбетте, оған аңсап, армандап тілеген мәңгілік бақи өмірін береді. Олай дейтініміз жер жүзін сан алуан дәм мен жұпар иісті әр түрлі жеміс-жидек пен тағамдарға толтырып, адам баласына соларды татып көретін дәм тату сезімін сыйлаған аса жомарт Жаппар иеміз егер адам үшін мәңгілік өмірді жаратпайтын болғанда, оның тулаған жүрегіне мәңгілікке деген құштарлық сезімін де бермес еді. Яғни, мәңгілікке деген құштарлықты берген Алла мәңгілік өмірді де бермек. Мейірімі шексіз Алла жаратылыстағы әр нәрсеге тілегенін беріп, сұрағанын жауапсыз қалдырмауда. Дұға етіп, тілек тілеу үшін жайылған ешбір алақанды Ұлы Жаратушымыздың жауапсыз құр қайтаруға ұялатыны жайлы көптеген хадистерде білдіріледі.[1]Асқазанымыздың аштық арқылы сұраған дұға-тілегін жауапсыз қалдырмай аспаннан жаңбыр жауғызып, жерге әр түрлі жеміс-жидекті төгіп, жан-жануарды алдына салып берген мейірім-рақымы мол Ұлы Жаратушымыз сүйікті құлы, жаратылыстың маңызы – жалпы адам баласының «мәңгілік, мәңгілік» деп тулаған жүрегінің тілегі мен дұғасын қалай ғана жауапсыз қалдырып, оны жоқ етіп тіршілік бетінен мүлде келмеске сызып тастасын? Ол үшін ақырет әлемін, бақи өмірді жаратпасын? Адамды өмір сахнасынан мүлдем келмеске жіберіп, Өзінің шексіз мейірімділігі мен рақымдылығын қалай ғана жоққа шығарсын? Өйткені адамды мәңгілік өмірге құштарландырып, сосын оған құштарланған мәңгілік өмірін бермеуі – Оның шексіз шапағат, мейіріміне теріс болмақ.Егер ақырет болмаса, бұл ғұмырда көрініс тапқан Ұлы Жаратушының махаббат шуағының еш бір мән-мағынасы қалмай, мейірімділік зұлымдыққа, махаббат дұшпандыққа, ләззат өкінішке айналар еді. Себебі адам бұл дүниенің фәни ләззаттарымен, өтпенші рахатымен, Ұлы Жаратушысының мына дүниемен шектеулі уақытша махаббатымен қанағаттанбайды. Ол мәңгілік ғұмырды, шынайы бақытты, шексіз мейірімді қалайды.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы