Ғабит мүсірепов краткое содержание биографии

Ғабит мүсірепов краткое содержание биографии
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі- көркемсөз заргері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Өз ауылында ескіше оқып,хат таныған ол 14 жасында Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі,бұл мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде жеті жылдық білім алады.
Гость
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасыда дүниеге келген. 1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түседі, оны бітірісімен Омбыдағы ауылшаруашылық институтында бір жыл оқыды. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі 20-жылдардың аяқ шенінен басталады. Оның жазушы болып қалыптасуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктерінің шығармалары ықпал етті. Жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар-"Қос шалқар","Талпақ танау","Ана туралы новеллалар" т.б., ондаған пьесалар-"Қыз Жібек","Қозы Көрпеш-Баян сұлу","Амангелді" т.б., қара сөзбен жазылған"Кездеспей кеткен бір бейне" поэмасын жазды.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы