Актер болған келеді напишите эссе прошу!!

Актер болған келеді напишите эссе прошу!!
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
– Бала кезімнен әр түрлі киноларды көріп өстім. Отбасында екі ұл, сегіз қыздың кенжесі болдым. Мінезім де ер бала іспеттес еді. Футбол да ойнайтынмын, волейболдан өтетін жарыстарға да қатысатынмын. Бала кезімде жазғы демалыста шашымды алып тастайтын. Басыма колготкиді киіп алып, актриса боламын, Голливудқа барамын деп айтатынмын. Әпкелерім туфлилерін бермейді, шұлығымның ішіне тас салып ойнайтынмын. Қиялданып, айнаға қарап, түрлі бейнелерге кіріп, актриса болатынмын. Сан алуан киноны көрген сайын өнер адамы болсам деген қиялыма қанат бітті. Мектепте көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыстым. Мектепті бітіргеннен кейін Түркияға Халықаралық қатынастар жоғары оқу орнына түсіп едім. Бірақ, әке-шешем рұқсат бермеді. Сондықтан жарты жылдай Алматыда бала-бақшада жұмыс жасадым. Сол уақытта режиссер Нұрқанат Жақыпбаев: «Егер сен актриса болғың келсе, М.Әуезовтің «Абай жолы» романын, Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын оқып шық», – деп бағыт -бағдар  берді. Бұл туындыларды оқымасам, өнер адамы болмай қалам деген үрей бойымды билеп алғаны соншалық, өтірік соқырішекпен ауырғаным есте қаларлықтай оқиға еді. Өйткені, балабақша жұмысынан кейін шаршап, сабаққа дайындала алмайтынымды біліп, ішім-ішім деп ауруханаға түстім, сөйтіп, дәрігерлердің ауырмаған соқыр ішегімді алып тастаған оқыс жағдайы да кездесті. Мұның бәрі өнер үшін менің ойлап тапқан қиялымның жемісі. Сөйтіп, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түсуге барғанымда, Тұңғышбай Жаманқұлов курс қабылдап жатыр екен. Сол кісінің шеберханасына келдім. Сол кезде болашақ ұстаздарым – Гүлжан Әспетова, Дәрия Жүсіптен көп мағлұматтар алдым. Сондай-ақ, сықақ, қара сөз, поэзия, этюд көрсетіп, үлкен курстың студенттерімен бірге академияның паркінде, аллеясында дайындалған кездеріміз де зымырап  өте шықты. Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасына оқуға түсуге келгенімде  Тұңғышбай ағай: «Ал, қандай би білесіңдер? – деп Назгүл Қарабалина екеумізді сахнаға шығарғанда  «Айгөлек» биін билеп бергеніміз бүгінгідей көз алдымда. Сол кезде Азамат Сатыбалды, Назгүл Қарабалина, Зәуре Көпжасаровамен бірге оқуға түстім. Бүгінде бұл курстастарым М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында қызмет жасайды. Ұстазым Тұңғышбай ағаның «Қандай сала маманы болсаң да, адами қасиетіңді, адамгершілікті ұмытпаңдар», – деген сөзі жадымда өшпестей сақталып қалды. 2011 жылы «Кино және театр актері» мамандығы бойынша Өнер академиясын Тұңғышбай Жаманқұлов, Дәрия Жүсіп, Гүлжан Әспетованың сыныбынан бітіріп шықтым. Гүлжан апай тек сахна тілінен ғана дәріс беріп қойған жоқ, өмір мен өнердің ғажайып құпияға толы сырларымен сусындатты. Ал, Дәрия Жүсіп бір жағынан — ұстазым, екінші қырынан – сырласым, үшінші – әпкем сынды,  өмірдің  қатар жүзер қуанышы мен қайғысы тұстарында ақылшым бола білді. Осындай ұстаздарымның болғанына қуанамын. Әрине, өнерде жүргеніме қанағаттанамын. – «Жаужүрек» тарихи драмасында – Екатерина, «Империядағы кеш» драмасында – Гүлден, «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасында – Наталья Ивановна рөлдерінің қайсысы сізге қиынға соқты және қайсысы жаныңызға жақын?  – Әр рөлдің өзіне тән қиындығы бар. Рөлді оп-оңай шығара салдым деп айтпаймын. Актер рөлін баланы дүниеге әкелгендей толғатып, толғанып, сағынып, сүйіспеншілікпен шығарады. Менің рөлдерім – менің туғандарым. Әр рөлімнің өзіндік мінез-құлқы, жүріс-тұрысы ойнаған сайын бір бөлек. Әдемілеп киіндіріп, тазалап, махаббатпен қызыға іздене түсесің. Егер олай болмаса, Тұңғышбай ағай айтпақшы, «Баяғы, Байғожаның таяғы» болады деп ойлаймын. Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Жаужүрек» спектакліндегі Екатерина – батыр, тік мінезді әйелдің бейнесін жасау бақыты маған бұйырды. Мұның алдында  да  қойылым режиссері Есмұхан Обаевпен бірге жұмыс жасағанмын. Қырғыз драматургі Бексұлтан Жәкиевтің «Жүрейік, жүрек ауыртпай» драмасында – немере, Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» спектаклінде  қыздың рөлін ойнап жүрмін. Бұл қойылымдардың қоюшы режиссері – Есмұхан Обаев. Есмұхан ағаның режиссерлігімен жұмыс жасау  актердің басына қонған бағы деп ерекше айтқым келеді. Есаға мені режиссер ретінде жақсы аша білді. Өйткені, мен өнер майтал­мандарымен  партнер болып  киелі сахнаға шықтым. «Жүрейік, жүрек ауыртпай» спектаклінде басты кейіпкер атаға қарасам, көзіме жас келе беретін. Үш құраммен де ойнадым. Бірінші, екінші құрамдағы Сәбит Оразбаевпен, Құман Тастанбековпен  ойна­ғанымда, көзіме келген жасты іркіп қаламын, бұл — үлкен кісілердің ұстамды қасиетінен болса керек деп ойлаймын. Ал, Бекжан Тұрыспен ойнағанымда өте қатты әсерге бөленіп, көзге келген жасты еріксіз тия алмай қалдым.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы