Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Арыстан мен түлкі туралы ертегіАрыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: — Аурумын, жүруге әлім жоқ, — деп барлық аңдарға хабар таратты.Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:— Халіңіз қалай, тақсыр? — деп көңілін сұрады.— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік? — деді арыстан.Түлкі:— Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! — деп жүріп кетіпті.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы