Айтылеуына қарай сөйлемнің түрлері қандай болады.әр түріне мысал келтір

Айтылеуына қарай сөйлемнің түрлері қандай болады.әр түріне мысал келтір
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Айтылу мақсатына қарай сөйлем 4 түрлі болады.  1. Хабарлы сөйлем. Хабарлы сөйлем қандай да бір оқиғаны баяндау, суреттеу мақсатында айтылады. Мысалы: Оқушылар жеңіс күніне арналған қойылымға дайындалды. 2. Сұраулы сөйлем.  Сұраулы сөйлем бір нәрсені білу мақсатында айтылады. Мысалы: Кеше жаңбыр жауды ма? 3. Лепті сөйлем. Лепті сөйлем адамның көңіл күйіне, сезіміне байланысты айтылатын ойды білдіреді. Мысалы: Алақай, апам келеді! 4. Бұйрықты сөйлем Бұйрықты сөйлем бір нәрсені бұйыру мақсатында айтылады. Мысалы: Бұл тапсырманы ертең міндетті түрде орындап кел!
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы