Ответ(ы) на вопрос:
Гость
География институтында халықар. байланыстар жолға қойылған. Институт Қытай ғылым академиясының Гляциология және геокриология институтының арасындағы келісім бойынша, 1989 жылдан бастап Қытай ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтымен “Орталық Азияның құрғақ аудандарының геоэкологиялық проблемалары” бойынша іргелі зерттеулер жүргізілуде. Келісім бойынша екі ел арасында бірнеше халықараралық экспедициялар өткізілді.Институттың су-экологиялық лабораториясы гидроэкологиялық және математикалық модельдеу топтарынан тұрады. Лаборатория Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдалану проблемасының географиялық аспектісін, су көздерінің, өзендер мен көлдердің дамуын зерттейді. Зерттеу нәтижелері негізінде алынған мағлұматтарды Қазақстанның кейбір су қоймаларында қалыптасқан экологиясы ауыр жағдайды сауықтырудың ғылыми әдістерін жасау үшін қолданады. Су-экологиялық зерттеулерде А. Тұрсынов, Т. Омаров, П.П. Филонец, И.М. Мальковский, Ж. Достай, т.б. гидролог ғалымдардың еңбегі сіңді.Институтта мүлдем жаңа ғылыми бағыт ретінде, шаруашылықтың табиғатқа тигізген әсерінен қалыптасқан геожүйе тепе-теңдігінің бұзылу мүмкіндігі және оны болдырмау жолдарын ойластыру мәселелерін шешу үшін геожүйелік мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды.География институтыныңғалымдары
1983 жылы Қазақстан ғылым академиясының географиялық секторы негізінде География институты ұйымдастырылды.Институт Қазақстан табиғатын тануға, сондай-ақ Орталық Азияның көршілес елдерінің табиғи ресурстық қуатына ғылыми негізді баға беруге және әлеуметтік-экономика даму бағдарламалары мен жоспарларын құруға елеулі үлес қосты. Институт қызметінің бүкіл кезеңінде қазіргі заманғы географияның барлық бағыттары бойынша тақырыптық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулердің нәтижелері көптеген монографияларда, тақырыптық жинақтарда және географиялық ғылымдарының әр түрлі аспектілері бойынша 100-ден астам карталардан тұратын екі томдық Қазақстан атласында толық сипатталған. Институт зерттеулерінің нәтижелері Қазақстан экономикасын дамыту жоспарларын, кең ауқымда тың және кенді аймақтарды игеру жобаларын жасауда, Маңғыстау түбегі мен Шығыс Қазақстанның табиғи-экономика қуатын бағалауда,Іле, Балқаш және Арал бассейндері мәселелерін шешуде кеңінен қолданылып келеді. 1945 жылы Химия-металлургия институтын қайта құру нәтижесіндеМеталлургияиституты құрылды. Институттың ғылыми қызметкерлері арасындағы ғылыми доктор саны – 21; ғылыми кандидаттары – 40; Ұлттық ғылым академиясының акад. – 2, Ұлттық ғылым академиясының корр. мүшелері – 3-еу болды.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы