Батыр баян шығарма жоспарымен

Батыр баян шығарма жоспарымен
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Көрікті Көкше- Абылай Баян бастаған ел қорғандарының қонысы. « Баянсыз қанатымды қалай жаям?!» « Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан..» « Өлтірдім бе, інімді алаштың намысы үшін..» « Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан… жер ұмытпас» Осы жоспар бойынша балалармен бірге мазмұнын айта отырып, Баян бейнесін талдаймын. І. «Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау. ІІ. Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу. ІІІ.Жанры: Поэзия, поэма ІҮ.Сюжеттік-композициялық талдау: Шығарманың басталуы. « Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады. Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, Сұм өмір абақты ғой саналыға. Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да,- деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. « Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп қызыл империяға ашықтан-ашық айып тағады. «Қызыл тілім кісендеулі» деп тіл бостандығының жоқ екеніне тоқталып « қызыл сұм» деген көріктеуші және «кісендеулі» деп кейіптеу арқылы ақын поэманың тілдік қуатын арттырады. «Сұм өмір күшті уын аяды ма?»- деп өзінің ауыр тағдырын қоса жырлайды. Уақыт өтер ақынның жолы « қанды ор боп қалады» деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне жас алады. Азаматтан дос таба алмасаң, қаламыңмен сырлас- дейді. Ендеше, ақында қаламымен сырласады.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы