Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ат жарыс - көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі, қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламан бәйгемен бірге тай, құнан, жорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала жүретін болған.Қалыптасқан дағды бойынша, әрбір үлкен жарыс, той, астарда оны ұйымдастыратын арнайы топ алдын ала сайланады және оған әр рудан, атадан өкілдер енгізілген. Бәйге кезінде қарақұрық болмауы үшін білікті бірнеше адам жарыстың әділ өтуін қадағалайды. Сайыстың билігі сыйлы деген екі ақсақалға жүктеледі және оның бірі көмбеге, екіншісі мәреде міндетті жауапкершілігін атқарады. Тағайындалған адамдардың басшысы - кіреші бас төрешінің рөлін атқарған. Бәйге атын мінетін баланы атшабар бала немесе шабандоз, сәйгүліктерді айдап, реттілікті сақтатып, мәреден жердей біркелкі жіберушіні aт айдауыш, ұстаушыларды даяғашы дейді. Жарыстың басталатын межесін aт жіберетін жер немесе мәре, ал жарыс аяқталатын, яғни ат ұсталатын межені көмбе деп атайды. Көмбеге ат тосуға ыңғайлы, айнала толық көрінетін биіктеу төбе, қырат, төскей жер таңдалады. Ат жарыс басталар алдында қолдарына, басына қызыл орамал байланған, бақан ұстаған, ат айдаушылар айқайлап, жар салады және мұны ат шығару деп атайды. Бәйгеге қосылатын аттар келіп тізіліп өткеннен кейін, бәйгеге жауап беруші төреші ақсақал қанша ат жиналғанын, бәйгеге тігілген сыйлық мөлшерін, бәйге қашықтығын т.б. хабарлайды. Сол жер көмбе, сөре деп белгіленіп оған қарақшы тәрізді етіп қарауыл тігіледі. Ат жиналып, есепке алынған кейін ат айдаушы барлық сәйгүлік аттарды жиналғандардың алдынан бастап ертіп өтеді. Бәйгенің басталар орнына аттарды шашау шығармай жайлап айдап апарады. Бұл үрдісті ат айдау деп атайды. Аламан бәйгелерде шабандоздар мәреге бәйгеден бір күн бұрын кешкі салқынмен жіберіледі. Олар жол-жөнекей аяқ суытып түстеніп, асықпай жетеді. Аттарды мәреге жеткен сон ат айдаушы шабандоздарды бір сызықтың бойына қатарластырады. Берілген белгіден кейін олар көмбеге қарай лап қойып, шаба жөнеледі. XIX ғасырда орыс зерттеушілерінің жазуына ден қойсақ, аттар көмбеге шауып келгенше, күрес және т.б. ойын-сауық өткізіледі. Әлбетте, алыстан шаң көтерілген соң ат көмбеге жақындайтын шақта қауымның үлкендері арбада, қалғандары атты-жаяулы көмбеге жақын жиналып тамашалайды. Шауып келе жатқан аттың атшабар шабандозын руластары мен бапкерлері қиқулап дем беріп, ұран тастап айқайлап, егер алдын ала келісілген ережеде рұқсат етілсе атының жеңіске жетуіне жәрдемдеседі, яғни басып жетектеп, атпен тартып, мәреге сүйрейді. Н.И.Гродековтың жазуына қарағанда, көмбеге жеткен бала басындағы бөрігін, орамалын көмбеде тұрган төрешіге лақтырады. Ат үстіндегі бала қарауылдан еткенде әрқашан рудың ұранын шақырып атойлап өткен.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы