Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi. Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. Халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi - әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. Ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. Бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. Мәселен, халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. Бұл жайдан-жай көңiл жұбату үшiн айтылған жалған мақтан деуден аулақпын. Бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. Халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. Оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. Жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. Демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар. Сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататынына өз басым күмәнiм жоқ. Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын. Ендi бiр сәт қазақ биiнiң жүрiп өткен жолына үңiлсек оның аумалы-төкпелi, өрлеу мен тоқырау кезеңдерi аз болмапты. Бiрақ Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. Ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. Сөйтiп, Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер. Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы