Болашак ел казакстан шыгарма

Болашак ел казакстан шыгарма
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген.Мен мектепті аяқтағасын Петропавл медицина колледжіне оқуға бармақшымын .Жаңа техналогияларды жетік қолданып,ауылдағы медицина сапасын арттыруға өз үлесімді қоспақшымын.Сәті түсіп кетсе ,болашақ жас аналарға арналған бөлме ашу арманым. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.  Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын сабаққа! Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.Бүгінгі Қазақстан-жалғыз қазақ халқының ғана емес,күллі Қазақстан халықтарының ортақ Отаны,сондықтан олардың тарихы да,тағдыры да ортақ.Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым-тек қазақтарға ғана емес,қазақ жерін мекендеген ,оған кіндік қаны тамған,бірге қайнап-бітіскен,туған тапырағым деп егілген басқа ұлттар мен ұлыстардың да ортақ игілігі.Биылғы жылы аталып өтіп жатқан Қазақстан халықтары ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен барлық оқушыларды құттықтап, Отанымның өркендеп дамуына,гүлденуі үшін атсалысамын демекпін.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы