Бозторгайдын ерлиги мазмундама 6сынып

Бозторгайдын ерлиги мазмундама 6сынып
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жоспар; 1Жем тасыған бозторғай 2Келген қатер 3Балапандар шырылы 4БОЗТОРҒАЙ МЕН ЖЫЛАННЫҢ ЕГЕСІ. ӨЛГЕН ЖЫЛАН. Бозторғай балапандарына  ертелі-кеш жем тасып жүр еді. Күн сәскеге таянғанда ұясына жем әкелген бозторғай бір қатердің үстінен түсті. Ұзындығы сала құлаш қара шұбар жылан ұяға жақындап қалыпты. Балапандар аузын ашып, шыр-шыр етеді.             Бозторғай ұя мен жыланның аралығына келіп қонды.   - Мына сорлы қайтеді, ей?!Жан керек болса,былай тұр жолымнан,-деді жылан басын көтеріп.      -Сен менің балапандарымды жемексің,қалайша мен саған жол бермекпін?Жоқ,ол болмас  - Онда өзіңді жеймін   -Жей алмайсың  -Не дейсің?Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген?  - Кім естісе,ол естісін.Мен балаларымды тастап кете алмаймын, одан да өзімнің өлгенім жақсы  - Онда кел бері,түс аузыма  - Аш аузыңды  Жылан аузын ашып,көзін жұмды. Бозторғайға керегі осы еді,жыланды шап беріп екі аяғымен басынан мықтап бүріп , жерден іліп әкетті.Жылан торғайды орап алмақ болып ,жиырылып әлектеніп көріп еді,ештеңе шықпады.  Бозторғай шырқай көтеріліп,тү-у биіктен жыланды жайпақ тастың  үстіне тастап жіберді.Содан соң жер бауырлай ұшып,оның парша-паршасы шықаннын көрді де, жөніне кетті.  Бозторғай бұл ерлікке балапандары үшін барған еді.(168сөз)
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы