ДАЮ 100 БАЛЛОВ. Помогите пожалуйста с сочинением по казахскому языку. На тему "Ел құтқарар ер едім" (Махамбет Өтемісұлы туралы)
ДАЮ 100 БАЛЛОВ. Помогите пожалуйста с сочинением по казахскому языку. На тему "Ел құтқарар ер едім" (Махамбет Өтемісұлы туралы)
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жалпы, қазақ батырлары туралы әңгіме, мәңгілік тақырып. Мұнда біздің ұлттың ғұмыр бойғы трагедиясы, тағдыры мен азабы, қаһармандығы жатыр. Жалпы, орта ғасырдан өткен ғасырдың соңына дейінгі аралықта елдің тарихынан ойып орын алған 20-ға тарта қазақ батырлар бар. Мұның бәрін білу ұрпаққа міндет.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х. Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Ә.Дәрбісәлин, Қ.Сыдиықов және т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы