Ел жұртты қорғайлап өлімге бас байлап .... шығарма

Ел жұртты қорғайлап өлімге бас байлап .... шығарма
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап, Дұшпаннан көрген қорлықтан Жалынды жүрек қан қайнап,Ел-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап, –деп жырласа, жыраудың айтып отырғаны жеке өзінің ғана батырлық қимылдары емес, ел-жұртқа қорған болуды көксеген хас батырлардың бәріне ортақ жағдай.Шағын ғана жырда «Елім!» деп туған ерлерге етене қасиеттер реалистік сипатта бейнеленген. Жырау: «Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап», – деп, әрекет иесін өз атынан, бірінші жақтан көрсеткенімен, жыраудың «Мені» типтік бейнедей әсер етеді. Батырлық әрекетті суреттеуге арналған алғашқы екі тармақтан кейінгі қос тармақта сондай әрекетке баруға түрткі болған себеп көрініс тапса, соңғы тармақтар ел қорғаушы батырлардың ант сөзіндей естіледі.Дәл осындай үлгіде жырлаудың өзі «сырты – құрыш, жүзі – болат» жыраулардың көксеген армандарынан туындаған, уақыттыңөзі ер жігерін жанып, ел көңілін рухтандырып отыруды талап еткендіктен туған. Өйткені жыраулар тірлік кешкен дәуір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай күндерінен гөрі, алабалта қолға алып, жауға аттануы көп болған аласапыран жылдар болатын. Ал мұндай өмір көшпелі түркілер үшін де етене жәйт еді. Жыраулар мен көне түркі озандарының шығармаларында елжандылық, ел қорғау идеяларының алдыңғы қатарға шығу себебі де олардың өмір салтының, елдік мұраттарының ортақтығынан бастау алып жатқаны анық.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы