Эссе жазып бересіз бе өтінемін, "мамандыққа көзқарас өзгерді " керек ертеңге дейін
Эссе жазып бересіз бе өтінемін, "мамандыққа көзқарас өзгерді " керек ертеңге дейін
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы
Он бес пен жиырма бестің арасында
Бұл жаста аласым көп, бересім де
Алдымда толған мақсат, толған таңдау
Алайын анасын ба, мынасын ба?
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы бір шумағы барлығымызды да ойландырары сөзсіз.
Кеше ғана ата – ананың аялы алақанында, ұстаздарыңның қамқорлығында болып келген сіздердің ендігі жерде өмірден өз орындарықызды тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азамат болуларыңыз - өмірлік парыз. Бұл ретте сіздердің алдарыңызда өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міндет тұр. Ол - өз білімдеріңізді жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҰБТ – н жоғары нәтиже көрсетіп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру . Мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Бұл ретте мамандық таңдау дегеніміз – тағдыр таңдау десе де болғандай.
Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей , қиналатыны бар. Ең жақсы мамандық қайсы? Оны қалай еткенде дұрыс таңдауға болады? Оны тез меңгеріп алудың жолы қандай? Шынында да қазіргі заманда ғылыми – техникалық прогрестің ғаламат өсуінің нәтижесінде еңбектің мамандандырылу дәрежесі соншалықты артып, шырқау биікке шарықтап кеткен
кезінде мамандықтың түрі көп. Ғалымдардың есептеуі бойынша қазір мамандықтың 390 мыңнан астам түрі бар. Соның 15 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы. Олай болса, әркім ұшы қиыры жоқ мамандық түрлерінің қайсысын қалап, қайсысын ұстауы тиіс. Бұл ретте әркім ең алдымен өз бойында қалыптасқан қабілетіне, дамып келе жатқан біліміне, бейінеғ денсаулық ерекшеліктеріне қарау керек. Осы аталған қасиеттеріне орай мамандықтың белгілі бір түрлерін таңдауы қажет. Әсіресе осы салада жұмыс істейтін тәжірбиелі мамандардың ақыл –кеңесін тыңдаудың, олардың жұмыс орындарында болып, бәрін көзбен көріп, көңілмен тоқудың зор маңызы бар.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы