Ежелгі дәуір әдебиеті туралы шығарма, жоспармен заранее спасибо (срочно нужно)

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы шығарма, жоспармен заранее спасибо (срочно нужно)
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
                                                       Түсініктеме      Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасының негізінде жасалынды.         Бағдарламада бүкіл қазақ әдебиеті тарихының тұтас күйін ойда ұстай отырып, ежелгі дәуір әдебиетінің  тарихи орнын, мән-маңызын аңғарту, сөйтіп оқушы бойында біртұтас әдеби сананы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру мақсат етіліп қойылды. Ежелгі дәуір әдебиеті ұғымын оқушылар ертедегі ауыз әдебиетінен ажырата білуге, ежелгі дәуір әдебиеті деп оқылатын шығармалар қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ қазынасы екенін пайымдауға тиіс болады. Ежелгі дәуір әдебиеті қазіргі қазақ тілінен едәуір өзгешеліктері бар көне түркі тілінде жазылғандығын, солай бола тұра оның болмысы, мазмұн-мәні қазақ әдебиеті тарихының іргетасы болып табылатындығын меңгертуді көздейді.    Әдебиеттегі кереметтердің бірі болып табылатын Орхон және Енисей өзендері бойынан табылған айналасы ат шаптырым жерді алып жатқан мол көлемді құлыптастарға ойылып жазылған жырлар біздің төл жазба әдебиетіміздің басы болуымен де аса құнды екені меңгертіледі. Күлтегін жырларының табылу тарихынан, оның қазіргі қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру оқушылар қызығушылығын арттыра түседі. Мұндай жыршы тастардың, ақын тастардың  Талас бойынан да табылғаны қазақ жазба мәдениетінің әріден келетін тарихының орнықты, дәйекті екенін көрсететініне көңіл бөлінеді.   «Қорқыт ата кітабы» деп аталатын жинақтың ішінде он екі жыр топтастырылғанын, олардың әр түрлі дербес жырлар бола тұра ерлік пен ізгілік мәселелерін қатар өріп отыратыны көрсетіледі.     Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері ішінде «Оғыз нама» сияқты қара сөзбен жазылған шығармалардың да бар екені қазақ жазба прозасының желісі сонау бұрынғы замандардан таратылатынын ұғындыруға назар аударылды. Бұның өзі ұлттық сананың жан-жақты қалыптасуына әсер етеді.      Ежелгі дәуір әдебиетінің көрнекті өкілдері Ахмет Иассауи, Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари т.б. мұраларын оқыту оқушылар түсінігі үшін аса күрделі екені ескерілді. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр ететін ғажайып дастандардың озық үлгілері қамтылды.Бұл әдебиет үлгілерінде ақыл-парасат, өнер-білім, әдептілік, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу т. б. кең көлемде сөз болады. Мұның бәрі бала тәрбиесіне оң әсерін тигізері сөзсіз.                           Мақсаты:  Жоспар: I.Ежелгі дəуір əдебиетінің ерекшеліктері ІІ.Ежелгі дəуір əдебиеті-ортақ мұра 1.Ахмет Иасауидің хикметтері III.Ежелгі дəуір əдебиеті түркі халықтарына да, қазақ халқына да ортақ эпиграф;Бар мұнда сынықтары асылдардың, Шздері дауылдардың жасындардың. Шешіле сыр шертеді әр мұрағат Төрінен арғы-бергі ,ғасырлардың.      Ежелгі дәуір әдебиетінің мән-маңызы мен өзіндік  ерекшеліктері, көркемдік сипатын таныту. Оқушы бойында тарихи сананы  қалыптастырып, ұлттық  рухты егу. Ежелгі мұраларымызды өнер табиғатына сай оқи білуін, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы