Әке -айдын шеше -ұя қызы бардың-ізі бар әйел-үйдің сәні әйелдің жолы үлкен жақсы әйел жарнының жақсысын асырар,жаманын жасырар әке көрген-оқ жанар,шеше көрген-тон пішер ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің қысқаша мағынасын бері...
Әке -айдын шеше -ұя
қызы бардың-ізі бар
әйел-үйдің сәні
әйелдің жолы үлкен
жақсы әйел жарнының жақсысын асырар,жаманын жасырар
әке көрген-оқ жанар,шеше көрген-тон пішер
ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің
қысқаша мағынасын беріңізші
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қызы бардың ізі бар, яғни, қыз болашақ ана, өмірге ұрпақ әкеледі, із деп отырғаны, ұрпағы.
Әйел үйдің сәні, себебі, ер адам табыс тапқанымен үйдің барлық жағдайын жасайтын әйел, тазалығын, бірлігін сақтайды, балаларын тәрбиелейді.
Әйелдің жолы үлкен, бұл жерде тек ана болғандығынан жолы үлкен.
Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар. Мақалда айтылғандай, ер адамда жағымсыз әрекеттер болса жақсы әйел елге жария етпей өзінің жақсы мінезімен жөндейді, жаман әйел күнде ұрыс шығарып, елге жаяды. Жақсы әйел ерінің жақсылықтарын мақтаныш етіп, ерінің мерейін үстем етеді.
Әке көрген оқ жонар- яғни әке тәрбиесін көрген ер бала ер адамға лайық істердің бәрін әкеден үйреніп, өмірге дайын болады. Шеше көрген тон пішер- шеше тәрбиесін көрген қыз, анасынан көргенін өмірде қолданып, ісімен де сөзімен де алған тәрбиесін көрсетеді.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің- бұл мақалда отбасында көрген тәрбиең қандай болса, өмірде сен де сондай болатының туралы. Мақалдардың бәрі тәрбие туралы.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы