Көмектесіңіздерші, өтінемін! Туынды үстеудің жұрнақтары

Көмектесіңіздерші, өтінемін! Туынды үстеудің жұрнақтары
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2)күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады. Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш. Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы. 1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар: -ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше; -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б. -дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б. -шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б. -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше:оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б; 2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады: Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті),босқа (отырма), текке (күлме), т. б. Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды),қапыда (қалды), т .б. Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.
Гость
1.-ша ; ше  2.-лай; -лей ;-дай; -дей; -тай ;-тей  3.-дайын; -дейін; -тайын; -тейін  4.-ншама; -ншалық  5.-майынша; -мейінше; -байынша; - бейінше; -пайынша; -пейінше
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы