Маған ұлы мұралар тақырыбына шығарма керек

Маған ұлы мұралар тақырыбына шығарма керек
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Әр ұлттың ұлы тұлғалары бо­ла­ды. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құн­ды­лығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, үнділер үшін – Тагор, өз­бек­тер үшін – Науаи, түркімендер үшін – Мақтымқұлы, әзербай­жан­дар үшін – Низами, қазақтар үшін әрине – Абай. Сол Абайдың ұлы­лы­ғы мен данагөйлігін ашқан Мұх­тар Әуезов те өткен ғасыр­дағы қазақ әдебиетінің алыбы.Сенбі, 29 қыркүйек 2012 8:30Әр ұлттың ұлы тұлғалары бо­ла­ды. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құн­ды­лығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, үнділер үшін – Тагор, өз­бек­тер үшін – Науаи, түркімендер үшін – Мақтымқұлы, әзербай­жан­дар үшін – Низами, қазақтар үшін әрине – Абай. Сол Абайдың ұлы­лы­ғы мен данагөйлігін ашқан Мұх­тар Әуезов те өткен ғасыр­дағы қазақ әдебиетінің алыбы.Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өр­ке­ние­ті­нің жаңа болмысын ашқан жа­зушы, ғалым, ұстаз, драматург, сын­шы. Бір сөзбен түйіндеп айт­сақ, энциклопедиялық ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері әрі ұлы қайраткері. Ұлы суреткер феодалдық қоғам ыдырап, қазақ қоғамы капитализмді айналып өтіп, социалистік қо­ғам­ның орныға бастаған тұсында әдеби өмірге келді. Сондықтан да білімділердің бел ортасынан өз орнын ерте ойып алды, ерте жарқ етіп көрінді. Бірақ замана сұра­ны­сына дендеп кіріп, кеңестік әде­биет­тің күрескері де, жаршысы да болып кете алмады. Қытай ой­шы­лы Конфуцийдің: «Өтпелі кезеңде өмір сүрме», – деген даналығы дөп келді. Мұхтар Әуезов рево­лю­ция­ның қызыл қыраны да, дауылпазы да бола алмады. Ол өзінің жан дү­ниесін баурап алған ұлы мақ­сат­тарды бірте-бірте жүзеге асырды. Бұл жазушылық һәм ғалымдық жол еді. Осы жол Мұхтар Омар­хан­ұлын азапты жолға апарды, осы жол Мұхтар Омарханұлын әлем мойындаған қаламгерлердің сапына қосты, осы жол Мұхтар Омарханұлын академиктік дәре­же­ге, Лениндік сыйлыққа алып келді. Осы жол Мұхтар Омарханұлын шын мәніндегі халықтық жазушы дең­гейіне көтерді. Ал халық жа­ды­на енген адамды уақыт та, заман да, қоғам да тарихтан сызып тастай алмайды. Бірақ осындай халық махаббатына жету үшін Мұхаң «тар жол, тайғақ кешулерден», жа­бы­ла қапқан аш бөрі сын­шы­лар­дан, екіжүзді саясаттың, ауыр иде­о­­логияның қанды қақпанынан өтті.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы