Мен сенің өміріңнің жалғасымын эссе жазу керек

Мен сенің өміріңнің жалғасымын эссе жазу керек
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
*біреудің шығармасы, көмегін тигізер деп ойлаймын) Мен сенің өміріңнің жалғасымын... Алла қаласа, жақын күндері менің асқар таудай әкем асқаралы алпыс жасқа келеді. Мен әкемнен 3 есе кішімін, яки ол кісінің 40 жасында көрген жалғыз қызымын. Неге екені белгісіз, анамнан гөрі әкеме қатты жақынмын. Кішкене күнімде әкем мені «ақ» дегенде аузымнан түстің, сосын шешең емізгеннен басқа уақытта қасымнан тастамай жүрдім» деп алдайтын. Бала көңіл соған да сенді.  Тағы бір нәрсе, мен өзі өмірге үлкен күреспен келген баламын, ағам екеуміздің арамыз – 1 жас 2 ай. Анам ағамды (37 жасында) кесір тілігімен дүниеге әкелгесін дәрігерлер оған мені дүниеге әкелуге запрет қойыпты. Айтатын уәждері: ішіңнің операциядан қалған жарасы жазылмаған, ертең ішің жарылып кетуі мүмкін, бір балаға да шүкірлік қыл. Шыбын жан тәтті ғой, анам көөөөп ойланады, әкеме қараса, ол көзі жәудіреп, үндемейді, мені аман алып қалғысы келген ғой. Көрер жарығым бар екен, анам жасанды түсікке екі мәрте барғанда, дәрігер оны қайта-қайта қайтарып жіберіпті. Сөйтіп, әупірімдеп жүріп қақаған қыстың ортасында айғайлап мен кеппін мына өмірге. 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы