Музыка алеминде ангиме курау

Музыка алеминде ангиме курау
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтар бойына сіңіріп, олардың қоғамдық көзқарастарының дұрыс қалыптасуына эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Эстетикалық тәрбиенің жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс таңдауы, адамдарға сүйіспеншілікпен қарауы, жалпы адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіруіне музыка пәнінің де өз қосатын үлесі  зор. Эстетикалық тәрбие құралдарының басты салаларының бірі - музыка. Музыка-сезім тілі. Музыак жеке тұлғаның ақыл-ой мен дене бітімін жетілдіреді, әрі жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, біліктілігі мен қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.  Музыка сабағының негізгі мақсаты шәкіртке ұлттық өнердің құдіреттілігін таныту арқылы олардың санасына, сезімі мен ұшқыр қиялына игі әсер ету. Сонымен қатар музыка сабағында қазақ халқының көне заманнан мұра болып келе жатқан ұлттық аспаптарымен таныстыру. Қанша аспап жасаса да, олар бірінің үнін бірі қайталамаған. Осыдан келіп аспаптардың алуан түрі шыққан. Қазақ халық музыка аспаптарын жетілдіру 60 – 70 жылдарда ерекше қарқын ала бастады. Бұл аспаптардың шығу тарихы, қазіргі орны, пайдалануы туралы айтып, музыкалық шығармалар ойнап, көрсету музыка сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие мәселесінде  өз үлесін қосады. [2]    Сөйтіп, бұрын белгісіз болып келген шертер, сазсырнай, жетіген, асатаяқ, нарқобыз, шаңқобыз, қос сырнай секілді аспаптар қайта тіріліп халық музыкасы санынан берік орын алады.     Аспаптардың жетілуі, дамуы тек ғылыми лабораторияларда шешіле салмайды. Ол халық арасында , нақты шығарма ойнау, оқып үйрену үстінде айқындала түседі.    Аспаптардың құрылысы, жасалуы, оларда ойнау туралы сөз қозғамас бұрын, оларды сыр-сипатына, құрылыс-құрылымына қарай топ-топқа бөліп атап шыққан жөн. Өнертану ғылымының кандидаты Болат Сарыбаев өзінің «Қазақтың музыкалық аспаптары» деген еңбегінде қазақ музыка аспаптарын былайша жіктейді:     Шертпелі аспаптар – адырна, жетіген,    Ыспалы аспаптар - қобыз, нарқобыз, сазген;    Үрмелі аспаптар – керней, үскірік, сыбызғы, даңғыра, шаңқобыз, уілдек.     Ұрмалы-сілкімелі аспаптар-дабыл, кепшік, даңғыра, асатаяқ, жыланбас, тоқылдақ, тұяқтас. Аспаптар өздерінің аталуына, құрылысына, пішініне, ою-өрнегіне, үніне қарай белгілі бір ұлттың өнерін паш еткен.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы