Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Нан туралы тақпақтар
1-оқушы: Нан –ардақты адал ас,
Кәрі-жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйреген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
2-оқушы: Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.
3-оқушы: Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан өседі,
Нан – жемісі ол кешегі.
Нан-өмір,
Жеміспен алып келген кешегі.
Нанға пірім деп,
Жырым деп табынам.
4-оқушы: Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
5-оқушы: Еліміздің құдіретін асырып тұрған
Менің де,
Сенің де,
Оның да мерейін үстем қып тұрған
Ол - Нан!
Хормен:
Нанды кім қорлайды,
Аштықтан сол сорлайды.
- Балалар, нан неден алынады?
- Бидайдан
- Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын
Не нашли ответ?
Похожие вопросы