Обьясните пожалуйста чем отличаются Сабактас, салалас и сабактас курмалас сойлемдер??
Обьясните пожалуйста чем отличаются Сабактас, салалас и сабактас курмалас сойлемдер??
Ответ(ы) на вопрос:
ССалалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады. Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады. 1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады. 2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады. Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар. Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар. Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар; Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар. Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар. 3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері . Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді : 1. Ыңғайлас салалас. 2 Қарсылықты салалс. 3. Себеп – салдар салалас. 4. Ілектес салалас. 5. Талғаулы салалас. 6. Кезектес салалас.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы