Ответьте на вопросы: 1. Қорықтар қандай мақсатпен құрылады? 2.Алматы мемлекеттік қорығы қай өңірде орналасқан? 3.Ақмола облысының су-батпақты аймағында қай қорық орын тепті? 4.Батыс Алтай қорығы қай өңірде орналасқан?
Ответьте на вопросы:
1. Қорықтар қандай мақсатпен құрылады?
2.Алматы мемлекеттік қорығы қай өңірде орналасқан?
3.Ақмола облысының су-батпақты аймағында қай қорық орын тепті?
4.Батыс Алтай қорығы қай өңірде орналасқан?
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлармекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы