Пайдалы жане зиянды тагамдар

Пайдалы жане зиянды тагамдар
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
 Қазіргі заманда танымал, кең жайылған тағамдардың арасындағы ең зияны Өңделген ет. Қатерлі ісік ауруларын зерттейтін институты сүрленген, мұздатылған, тұздалған, химиялық консерванттар қосылған ет ас қорыту жолдарының қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін деп тұжырымдады. Консервіленген, құрамында өте көп тұз, май, холестерин бар бұл етте пайдалы заттар да қалмайды.Мұздатылған тағамдар. Мұздатылған астар қазірде әлем бойынша танымалдыққа ие бола бастауда. Дайын тамақты жемес бұрын жылытады. Бұндай тамақта калориялар шамадан көп, натрий мөлшері тым көп болады.Бәліш сияқты ұн өнімдері. Ішіне калориялы салындысы бар, қуырылған бәліштерде трансгенді майлар, қант, ақ ұн сияқты пайдасыз заттар бар. 10-20 грамм майға қоса 250-300 "бос калориялар" бар.Картоп қытырлақтары. Мәселе оның ішінде салмақ жинайтын зиян көмірсулардың болуында ғана емес екен. Картоп қытырлақтары мен фри картобында акриламид есімді канцероген бар. Ол тамақты жоғары температурада дайындағанда пайда болады. Бұл жыл сайын бірнеше мың қатерлі ісік ауруының туындауының себебі.Майсыз тамақтар. Қорабында "майсыз", "май үлесі 0" деген жазуларға алданбаңыз. Майдың аздығынан дәмін жоғалтқан тағамның дәмін келтіру мақсатында өндірушілер құрамына тұз, қант, басқа да қоспалар қосады. Диетолог мамандардың айтуынша, ондай тамақтан гөрі, кәдімгі (майлы болса да) тағамдарды таңдаған дұрыс.Маргарин. Маргарин құрамында холестерині жоқ, сары майға жақсы балама деп саналады. Алайда оның құрамында сол холестеринді көбейтіп, қан жолдарын зақымдайтын трансгенді майлар өте көп. Оны мәңгілікке рационыңыздан алып тастап, табиғи майлармен ауыстырыңыз.Газдалған су. Газдалған сусындарға құмар болу - артық салмақ, ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты нәтижеге алып келе алады. Бір бөтелке газдалған суда 10 қасық қант бар. Газдалған сусынды күнделікті емес, анда-санда ішетіндердің өзі ауыр ауруларға шалдығу мүмкіндігін бірнеше есе арттырады. Жүрек-тамыр аурулары, диабет - міне, газдалған сусындарды сүйгіш жандардың болашағы.Аурулардың бәрі ауыздан кіреді демекші, не жеп-ішкенімізді қадағалап, мән берсек, мүмкін ұзақ, бақытты, сау ғұмыр кешерміз. Американың танымал диетологы, невропатолог Джонни Боуден денсау­лыққа ең пайдалы 12 тағам түрін анықтады.Олардың қатарына құрамында нәрлі заттары, фитохимиялық қосындылары, дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары бар өнімдер еніп отыр. Бұл туралы MIGnews порталы хабар­лайды.Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін та­ғам­дардың тізімін жасаған.Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнім­дер – мыналар: жидектер, атбұр­шақ, жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұ­мыртқа, орамжапырақ, алма, сарым­сақ пен пияз, анар және көк шай.Ғалымның айтуынша, жеміс-жидек құ­рамында қант аз, бірақ жасуша көп болады, сол себепті жидектер ең пайдалы өнім саналады. Ал атбұршақ тоқішек қа­терлі ісігі мен суса­мыр­­дан қорғап, дене сал­мағын рет­тей ала­ды. Линолен қышқылына бай сиыр сүті, сондай-ақ орамжапырақ, сарымсақ пен пияз да, анар мен көк шай да обыр ауруынан сақтайды. Майлы балық қан айналымы мен ми жұмысын реттейді. Мал еті болса B12 дәрумені мен ақуызға толы. Алма – тіс, өкпе, қан қысымы ауруларына ем.
Гость
ен пайдалы тагамдер оз колынмен дайындаган тагам.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы