Помогите написать жамбыр ангиме кура

Помогите написать жамбыр ангиме кура
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Міне жазда аяқталып қалды, жылдағы әдетімен ақ жауынның маусымы басталды. Таң азанмен себелеп басталған жаңбыр бір толас таппай әлі жауып тұр. Иа, табиғаттың кереметі, жұмыста іннен шыққан саршұнақтай сүмірейіп, басымыздан башпайымызға дейін су-су болып жүрдік. Бірақ, амал қанша, аспан айналып жерге түскен ше жоспар орындалып, жұмыс бітуі керек. Денеден өткен су мен ызғарға шыдай алмай қалжыраған жігіттердің біразы жаңбырды, аспанды «белгілі» сөздерімен сыбап алды. Дегенмен жауынның кереметі сонда, жұмыстан шаршап шығып, автобусқа мінген соң, әйнек тұсқа отырып сыртқа көз салу. Әйнекті ұрғылаған жауын тамшылары бойға ерекше қуаныш сыйлап, тәтті арман мен қиялға себеп болады емес пе? Сумен шайылып құлпырған қала көшелерін айтсаңызшы, бір жаңарып қалады. Қолдарына қол шатыр ұстап, бастарын газет, портфелдерін қойып алып пана боларлық жер іздеп жүгірген адамдарға сырттан көз салу керемет емес пе? Ал жаңбыр сәл толастап тоқтап қалған уақытта ше? Даланың шаңы басылып, еш нәрсеге бергісіз керемет жұпар аңқымайды ма? Иа ауылды еске түсірді, қаланың лас ауасын жаңбыр осылай шайып кетіп тұрады. Сонысы үшін де керемет.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы