Пословицы про горы на казахском с переводом

Пословицы про горы на казахском с переводом
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Асқар тау алыстан көрінеді. Асқар таудай алып бол, Әппақ күндей жарық бол. Асқар таудың айбыны қарыменен (Орынбай ақын). Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас (Абыл). Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудың қалғаны. Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны. Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны. Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса. Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса (Дулат). Асу бермес асқар жоқ. Биік таудың басы қыс, бауыры жаз. Бұлбұлға бау жақсы, Кекілікке тау жақсы. Көрінген таудың алыстығы жоқ. Табалдырықтан биік тау жоқ. Тасты бассаң кетілер, Сазды бассаң жетілер. Тау айналмайды, тас айналады.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы