Пожалуйста напишите ЭССЕ на казахском языке с переводом про самолет ( из чего он состоит или просто описание )
Пожалуйста напишите ЭССЕ на казахском языке с переводом про самолет ( из чего он состоит или просто описание )
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ұшақ, (аэроплан) — қозғалтқыш арқылы атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі. Бу машинасы орнатылған қозғалтқыш күшімен ұшатын ұшақтың ең алғашқы жобасын 1881 ж. А.Ф. Можайский (1825 — 1890) жасаған. Сол кезеңге дейін жасалып, сыналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары еді. Ұшу жылдамдығына байланысты ұшақтар дыбыстың ауада таралу жылдамдығынан кем және одан артық шапшаңдықпен ұшатын ұшақтарға ажыратылады. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығынан бес еседен артық шапшаңдықпен ұшатын ұшақ гипердыбыстық ұшақ деп аталады. Ұшақтардың бәрінде: қанат, фюзеляж, тіректер (тік және көлденең), шасси және күш қондырғысы деп аталатын ортақ агрегаттар бар. Қанат көтергіш күш тудырумен бірге көлденең бағыттағы орнықтылықты қамтамасыз етеді. Көп жағдайларда онда қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары бекітіледі әрі оның қуысына жанар май құйылады. Жалғыз қанатты ұшақ — моноплан, ал қанаттары екі қабат орналасқан ұшақ — биплан деп аталады.
Ұшақтың ұшу-қону сипаттамаларын жақсарту үшін қанаттың алды, арты арнайы құрылғылармен (бөліктермен) жабдықталады. Экипаж мүшелері, жолаушылар отыратын, жүк кейде қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары орналастырылатын және ұшақтың барлық бөліктерін тұтастырып біріктіруге арналған бөлік фюзеляж немесе корпус деп аталады. Гидроұшақта фюзеляж рөлін қайық атқарады. Тік тірек ұшақтың бойлық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Ол қозғалмайтын немесе шектеулі ғана қозғалыс жасайтын тұрақтандырғыштан және қозғалмалы биіктік рулінен құралады. Тік тіректе қозғалмайтын бөлік — киль және қозғалмалы бағыты — рулі бар. Дыбыстың таралу жылдамдығынан тез ұшатын ұшақтардың тіректері тұтасымен бұралатын, яғни тұтастай басқарылатын болып жасалады. Ұшақтың алдында орнатылатын және қонғаннан кейін қозғалуына мүмкіндік беретін доңғалақтар жүйесі шасси деп аталады. Көпшілік жағдайларда шасси жиналмалы болып жасалады. Ұшарда және қонарда жол талғамайтын ұшақтың түрі амфибия деп аталады. Бұл ұшақтың доңғалақты шассиі және қайық тәрізді корпусы болады. Күш қондырғысы тарту күшін тудырады. Ол бірнеше қозғалтқыш кешенінен тұрады. Тарту күшін піспекті қозғалтқыштарда ауа винттері, трубовинтті қозғалтқыштарда ауа винттеріне қоса газ реакциясы, ал реактивті қозғалтқыштарда тек газ реакциясы, яғни реактивтік күш тудырады.
Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақ болып ажыратылады. Азаматтық ұшақтарға көліктік (жолаушылар таситын, жүк таситын, т.б.), спорттық, туристік, а. ш. жұмыстарына арналған, т.б. арнайы мақсаттық ұшақтар жатқызылады. Көліктік ұшақтар ұшу жолының ұзындығына орай құрлықаралық, магистралдық, жергілікті желі ұшақтарына топталады. Әскери ұшақтар көліктік, байланыстық, санитарлық, т.б. болып бөлінеді. Ұшақтардың ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу-қону жолын ұзартады. Қазіргі кезде тік көтеріліп ұшатын әрі тік төмендеп қонатын ұшақтар кеңінен қолданылады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы