Предложения про запреты на казахском языке ( например : не свисти денег не будет. и т.д )
Предложения про запреты на казахском языке ( например : не свисти денег не будет. и т.д )
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Үйге қарай жүгірмеу, есікке керілмеу, адамды айналма ,Адамға қару, мылтық кезенбе.Ақты жерге, суға төкпе.Адамды шошытпа.Адамды айналма.Адалды араммен араластырма.Асты қорлама, үрлеме.Ант ішп әбес сөйлеме.Аманатқа қиянат жасама.Адамды малды аттама.Ауру тілеме.Арамдық ойлама, істеме.Ауруға күлме.Аузыңа ие бол.Аспанға қарап түкірме.Арыңды сатпа.Арамтамақ болма.Аруаққа тіл тигізбе.Әдепсіз болма.Әлсізге күш көрсетпе, зәбірлеме.Әйелге өктем сөйлеме.Басыңды шайқама, соқпа.Босағада отырма.Босағаны көрме.Баскиіміңді аяғыңа киме.Бос бесікті тербетпе.Білмесең айтпа.Бейуақытта жылама, ұйықтама.Бөркіңді теріс киме.Баланы басқа ұрма.Бетіңді сызба, қисайтпа.Баланы шошытпа.Біреуге жамандыық тілеме.Біреудің еңбегін, ақысын жеме.Біреуді қарғама, сөкпе, тілдеме.Басыңа ие бол.Дініңе тіл тигізбе.Дұшпанға сенбе, жалынба.Досыңды өкпелетпе.Дүниеқор болма.Дәстүрге қарсы келме.Дәмге түкірме, жамандама.Дініңді сатпа, айырбастама.Дастарқанды аттама, баспа.Досыңды сатпа.Ердің сөзін екі етпе.Еңбектен қашпа.Еріншек болма.Ерніңді шығарма.Есікті қатты жаппа.Ер-тұрманды аттама.Зорлықшыл болма.Зинақор болма.Жамандыққа жол берме.Жақсының жолын кеспе.Жаман ырым жасама.Жала жаппа.Жаман жерді баспа.Желмен жарыспа.Жаман тілек тілеме.Жаманға ерме.Жақсылығыңды сатпа, бұлдама.Жеңілтек болма.Жәндікті өлтірме.Жерді теппе, сабама.Жүреңнен отырма.Желге қарсы түкірме.Жатып тамақ ішпе.Жаман іске үйренбе.Жамандыққа жақындама.Опасыз болма.Орынсыз ойбайлама.Отпен ойнама, шалқытпа.Отқа түкірме, су төкпе.Отты аттама.Орынсыз іске араласпа.Ошақты, жерошақты аттама.Өзімшіл болма.Өз үйіңді кісімсіме.Өтірік, өсек айтпа.Өтірікшіге ерме, құптама.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы