Прошу напишите. поэму маржана жумабаева " батыр баян ". только 20 строчку. прошу заранее. спосиба

Прошу напишите. поэму маржана жумабаева " батыр баян ". только 20 строчку. прошу заранее. спосиба
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Автор:Арқаның көз жиберсем алабынаСарыарқа-сары дария, қиыры жоқКез болсын қандай қыран талады даІшінде сары дария көз тоқтатарКөкшетау-Сарыарқаның аралы даКөкшеде Күні кеше қойдай өргенТүрлі аң: бөрі, бұғы, маралы даАйырылап асау ерке аңдарынанКөкшенің тас жүрегі жаралы даАрқада жер жетпейді БурабайғаБөленген бұйра сыпсың қарағайғаБұлт құшқан мәңгі мең-зең КөкшетауғаБөлектау: «ой, бауырым!»-деп анадайдаОқжетпес найза қия-қыранға ұяҚарасаң жанның шері тарамай ма?Солардың ортасында бурабай көлМөп-мөлдір , дөп-дөңгелек ұқсайды АйғаБурабай-Арқа аралы, жер еркесіЕртеде қоныс болған Абылайға                                   (әуен ойнап тұрады)Бауырында Бурабайдың қалың ағашКөкшенің жалыменен біткен жалғасАрудың ақпен өрген тұлымындайҚарағай, қызыл қайың, тал аралысЕртеде жел өтпейтін қызыл ағашДариға, бұл күндерде жап-жалаңашҚабірінен әулиенің алашқа артықЕртеде Абылайға орда болған ағашОрдасын сол ағаштағы АбылайдыңМеккедей тәуеп қылған тамам алаш                       (қазақ пен жоңғар соғысады)Қиын күн туған алаш баласынаШұбырып жапанның сар даласындаКез болған жаудан үркіп «Ақтабанға»Дұшпанның қалғандай боп табасынаАрқаға аяқ салып, түскен барыпЕкі оттың –орыс, қытай арасынаКүндерде сонау-қара, тапсырған елТағдырын Абылайдан данасынаАлыстан орыс,қытай-ауыр салмақ,Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.Артында-ор, алдында көр, жан-ағы жау,Дағдарған алаш енді қайда бармақ?    (Ноян мен жоңғар қызы алғаш кездеседі. Табиғат әуені ойнап тұрады)Ол күнде аз қазақ пен қалың қалмақҚыран мен қара құстай алысқан шақБаласы алты алаштың АбылайдыңАстында ақ туының табысқан шақҚазақтың батырлары бәрі қыранСонда да бір батыр жоқ Баяндай тапЖауының бір жорықта бір сұлуынЕр Баян алып қайтқан артына сапБаянның алып қайтқан сол сұлуы-Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста-ақ                    (Қызды алып кетеді)Ер Баян жас сұлуды алып келген,Болмасын жас сұлудың білгеннен соңЕр Баян қарындас қып ерік берген.Сол сұлу сұлу екен атқан таңдайБір соған бар сұлулық жиылғандайТорғын ет, шапақтай бет, тісі меруерСөздері су сылдырлап құйылғандайБір улап көзқарасы, бір айнытқанЖұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбайЛебізі-жібек лебі, жұмақ желіКәусардай татқан адам қалар қанбайШын ер ғой батыр Баян алып қайтқанЕліне сол сұлуды, естен танбай                          (Әуен ойнап тұрады)Сахнаға қайта келедіБаянның інісі бар он бес жаста-Бөрінің бөлтірігі – бала НоянНоянның бар ақылы білегіндеБилеген асуа жүрек, қайнаған қанКелгенде-ақ сұлудың бір қарауынанНоянның жүрегінде ұшқын туғанСол ұшқын өртке айналып, жап-жас НоянАлысып жүрегімен, аласұрғанНоян да сол сұлуға-тәтті балдайМөлдіреп қараушы еді көзі талмайМас болып, дене түгіл, жаны елжірепЖұтқандай сол сәулені демін алмайАлайда бұзық ойдан аулақ едіСұлуға тәңірі көріп табынғандайЖанса да жап-жас Ноян, сұм сұлу қызКөп заман жүрді бірақ көз де салмайСонда да кейбір кезде ақ бетінеБір нәрсе жүргізуші ед ыстық қандайЖас Ноян қызды көріп от боп кеттіКөздері қызыл жалын шоқ боп кеттіЖер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып,Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.Келді де қызға жалын сөздеріменШығарды жан ұшырып іштегі өртті.Ноян:Бір сен үшін жаным құрбанЖоңғар қызы:«Ноян бауырым-кебем?» -деді«Мен сенің сүйгеніңе сенем»,-деді«Сүйемін мен де сені, тәңірі куә,Тән түгіл жаным саған берем?»-деді
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы